Сайтты қалай жасауға болады:дайын CMSпен,әлде өз қолыңмен жасау

16 Сәуір 2015| 5 Пікір

Сайт ашқысы келетін адамдарды сайтты қалай ашу керек деген ойлар мазалайды.Сайтты өз қолыммен жазсам дұрыс па әлде дайын движоктар, яғни CMS ті пайдаланған дұрыс па деген ойлардың шешімін іздейді.

Мен бұл мақаламда қалай өз сайтыңды ашуға болады және оны қалай жасауға болатынына әділ кеңес беруге, яғни неден бастау керектігіне тоқталып өтемін.

Өз сайтыңды жасау үшін программист болудың қажеті де жоқ,бірақ оны жаcап шығару үшін біраз мағлұматтарды меңгеру керек. Мысалы,  HTML деген не, CSS деген не, PHP деген не және деректер базасы Mysql деген не және тағысын тағыларды менің осы сайтымнан көрсетілген сілтемелер арқылы танысуыңызға болады. әрі қарай

CSS- сайт рәсімдеуде қолданылатын негізгі тәсіл.

8 Тамыз 2014| 4 Пікір

Егер HTMLді үйдің кірпіштерден тұратын қаңқасына теңесек, онда CSS ті сол кірпіштерді үйлесімді түрде қалап, оларды біріктіріп тұрған цемент қоспасына теңеуге болады.Екеуінің бірі болмаса сайт та болмайды.

Сонымен, CSS деген не және CSS деген HTML мен қалай байланысады.

CSS дегеніміз ағылшынша Cascading Style Sheets , яғни қазақша стилдік каскад таблицалары деп аталады. әрі қарай

CSS селекторларының кең қолданылатын түрлері.

9 Тамыз 2014| Пікірлер жоқ

CSS  туралы алдыңғы мақаламда айтып кеткенімдей , оның ережелері селекторлар арқылы белгіленіп HTML кодына енгізіледі.Яғни, HTML тегі осы ережелер арқылы қандай да бір қасиетке ие болады.Сол арқылы парақша беттеріндегі әр элемент керекті орнына жайғасады.

CSS селекторлары бірнеше түрге бөлінеді, олардың санының нақты қанша екенін айтып қажеті де жоқ.Өйткені CSS әр жаңа нұсқасымен бірге жаңа түрлері пайда бола береді, сондықтан мен тек қазіргі қолданыста жүргендерін және көп қолданылатын түрлерін ғана айтып өтпекпін. әрі қарай

CSS ережелері - "height", "width" және "overflow".

9 Тамыз 2014| 2 Пікір

Бүгін сіз CSS ережелері: height (биіктік), width (ені), overflow (толып кету) туралы кең мағлұмат аласыз.

мен бұрын айтып өткен HTML ге арналған бірінші мақаламда парақша бетін гипертексті тілмен өрнектегенде html тегі бірінші жазылады, одан соң  body тегі дегенмін.Яғни, html тегі парақшаның барлық кеңістігін меншіктеп алады, ал қалған тегтер парақша бетінде контейнерлер секілді біреулері нақты көрсетілген CSS ережелері арқылы, ал кейбіреулері үнсіздік бойынша өз орындарына орналаса алады.

Ал CSS туралы мағлұматтарды қайдан алуға болады, әрине бұрын мен айтып кеткен HTML тегтерінің бірыңғай стандарттары бекітілген W3C консорциумырың сайтынан, ал нақтылап айтқанда CSS спецификациясы деп аталатын парақша бетінен көре аласыз.Оны ашқанда жоғарғы жағында көрсетілген менюден properties дегенге өтіңіз, сонда мына төмендегідей кестелер тізімі сол CSS ережелері болып табылады: әрі қарай

CSS ережелері - "padding","margin" және "border" туралы.

9 Тамыз 2014| Пікірлер жоқ

Бүгінгі сабақ "padding", "margin"  және "border" деген CSS ережелеріне арналады.

Ал бұл сабақты түсіндіру үшін мен сіздерге көптен бері айтқым келіп жүрген Mozilla Firefox браузерінің қосымша кіріспесі Firebug туралы қысқаша айтып кеткім  келіп отыр, себебі оны пайдаланбайтын web-сайт жасаушылар жоқ сияқты.Онсыз сайт жасау мүмкін емес, себебі ол сайт жасаудағы ең басты және ең керекті құрал.Оны сіз Мозилланың жоғарыдағы менюінің ішінен Инструменты->Дополнения деген парақша бетіне төменде көрсеткенімдей кіріп, қоңыздың суретімен белгіленген  Firebug расширениесін өз компьютеріңізге тегін жүктей аласыз.


Мен өзім 3 браузерді пайдаланамын: негізінде Опера және кейде Google Chrome браузерлерін ғаламторға шығу үшін, ал Мозилла Firefox браузерін сайт парақшаларын жасау үшін. әрі қарай

CSS ережелері - "float" және "clear".

10 Тамыз 2014| Пікірлер жоқ

Бүгінгі сабағымда мен сайтты блоктар арқылы беттеуде кең қолданылатын CSS ережеселері - "float" және "clear" туралы мағлұмат бермекпін.

HTML тегтері  "div" пен "span" туралы сабағымда "float" туралы мысал келтіріліп өткен.Онда ол "div" контейнерлерін олардың табиғи қозғалыс дағдысынан ажыратып, біреуін сол жаққа , екіншісін оң жаққа орналастырған болатын.

"Div" контейнерлерінің, ия болмаса жалпы HTML тегтерінің табиғи қозғалыс дағдысы деп олардың парақша бетінде бірінің астына бірі орналасуын айтады.Ал олардың осы табиғатын өзгертетін CSS ережелерінің бірі - осы "float".

Осы ереже арқылы жазылған тегтерді қалқитын элементтер деп атайды. әрі қарай

CSS тізім стилін сипаттау

18 Желтоқсан 2014| Пікірлер жоқ

HTML сабақтарында мен таңбаланған және нөмірленген тізімдер туралы баяндап өткенмін.

Бірақ, олардың кейбірінің орналасуы код жазу барысында тізімдерді өзіміз қалаған түрге келтіруге қиындық жасайды.Мысалы, мен меню жасағанда <ul> </ul> ді қолданамын, бірақ мен менюде ешқандай таңбаның да, нөмірдің де болғанын қаламадым.Ал HTML дегі тізім үнсіздік бойынша әр меню тақырыбының алдына дөңгелек немесе араб сандарын жазады.Одан қалай құтылуға болады.Міне, осы кезде CSS көмекке келеді.

Не болмаса, мысалы таңбаның не нөмірлердің орнына сурет болғанын қалайтындар болса ше? Міне, осындай жағдай да CSS тің көмегімен шешіледі. әрі қарай

Барлығы 7 бет