CCleaner - ең жақсы компьютер тазалаушы.

4 Маусым 2015

Кейде компьютер жұмысы баяулай бастайды - демек оның іші тазалауды қажет етеді деген сөз!Сол кезде  CCleaner көмекке келеді.Бұл аталған утилитаны осы көрсетілген сілтеме арқылы тегін жүктеп алуыңызға әбден болады.Оның қызметін түсіну өте оңай әрі қолдану тетігі тым қарапайым, ал бірақ ол үлкен күрделі жұмыс тындырады.Оны қолданып болған соң компьтеріңіз тез жұмыс жасай бастайды.

Ол компьтердегі керек емес файлдар мен папкаларды жояды,реестр тазалайды,система қателіктерін түзейді т.с тамаша істер атқарады.

CCleaner менюі  4 бөлімнен тұрады: Чистка, Реестр, Сервис, Настройки.

Алдында үйренгенше сізде өз системаңызды бұзып алам ба деген үрей болуы мүмкін, бірақ кейін ол сіздің ең таптырмас көмекшіңізге айналатын болады|.


1. Чистка.Бұл жерде 2 жапсырманы кезегімен ашып АНАЛИЗ бастырмасын  басып, егер дұрыс деп шешсеңіз онда  ОЧИСТКА бастырмасы арқылы ол керек емес  файлдарды жойып жібересіз.



2.Реестр.Бұл арқылы операциондық система реестріндегі қателіктерден арыласыз, себебі көбінесе осының кесірінен система жұмысы баяу болып тұрады.



Алдымен ПОИСК ПРОБЛЕМ бастырмасы арқылы проблемасы бар бөлімдерді шығарып аласыз.Сосын ИСПРАВИТЬ бастырмасын басасыз.Оның жұмысы кезінде алдын ала өзіміз НАСТРОЙКИ ішінде орнатқан талап бойынша реестрдің көшірмесін сақтау туралы ұсыныс жасалады - сонымен келісіп ол көшірмені сақтап қою керек.Егер жұмыс кезінде қандайда бір қателік кетіп система тұралап қалса , онда сол файлдарды үстінен түртіп жіберіп реестрді қайтадан қалпына келтіруге болады.

Реестр көшірмесін қалайда жасап алыңыз, сосын ИСПРАВИТЬ ОТМЕЧЕННЫХ түртіп жіберіп, реестрді туралап аласыз.


3.Сервис.Бұл ешқандай өзгеріс талап етпейді.

 


4. Настройки.Ішінде реестрді көшіруін бекітесіз.



Іске сәт!


Егер мақала көңіліңізден шықса, онда онымен төмендегі түйме арқылы достарыңызбен бөлісіңіз

Пікірлер