Денвер деген не, оны қалай және қайдан жүктеуге болады.

9 Тамыз 2014

Денвер деген не, оны қайдан және қалай жүктеуге болады.

Денвер дегеніміз - Джентльменский набор Web-разработчика деген сөздердің басқы әріптерінің айтылуынан (д.н.w.р.) құралған атаумен аталатын локальдық сервер(Apache, PHP, MySQL және т.т.).Яғни, бір сөзбен айтқанда Денвер-өзіміздің үйдегі Windows-машиналарымызда Интернетке шықпай-ақ сайт жасауға арналған программа. 

Сайтыңызды өз компьютеріңізде Денвер арқылы әбден жасап бітірген соң, FileZilla-мен оны оп-оңай хостингке httpdocs деген папкасына көшіре саласыз да интернет әлемінен бір-ақ шығасыз.|

Төмендегі келтірілген суреттер арқылы қалай жүктеуге болатынын көре аласыз:

1. Денверді жүктеп алу үшін оның сайтына кіріп, регистрациядан өтесіз.Ол тегін таратылады.

a.

б.

2. Сосын сіздің почтаңызға хат келеді, көбінесе ол Спам папкасына жайғасады.Ішіндегі сілтемесін басқанда, ол файл Пользователь>Загрузки папкасына барып түседі.Оны сол жерде түртіп жүктелуге жібере саласыз.

а.

б.

3.Файл жүктелер алдында пакеттің қондыруына рұқсат сұрайды, сосын бірінен кейін бірі келетін қара DOS тың окнолары шыға бастайды.

4. Enter ді басқан соң келесі окно шығады және сізбен диалогтар басталады.Сіз мен көрсеткен сары шеңбердің ішіне сіздің С дискіде жоқ папканы көрсетіңіз.Мысалы мен С:\servers деп жаздым.Сосын ол тағы нақтылап сұрайды, оған "y" деп жауап жазыңыз.

5.Енді сізден виртуальный дискінің атын сұрайды.Сіз компьютеріңізде жоқ дискінің атын жазыңыз.Егер қателесіп кетсеңіз, ол қайта сұрай береді.Мен мысалы өз компьютерімде жоқ О ны жаздым.

6. Енді келесі шыққан окнода режимге "1" ді таңдаңыз және ярлыктар болсын десеңіз "y" деп жазыңыз.

7. Енді Денвер жақсы жүктеліп орнатылғанын хабарлап мына окно шығады. Skype-тен көрсетілген порттарды алып тастауды ұмытпаңыз.

8. Осымен Денверді қондырып болдық.Енді браузердің адрестер теретін тармағына    localhost/denwer/   деп жазып,  түртіп жіберсеңіз төмендегі окно шыгады. Онда Ура,заработало! деген сөйлем бар және төмен қарай түскенде әр түрлі сілтемелері бар таблица шығады.Оларды түртіп шықанда хабарламалар шықса, онда бәрі дұрыс орнатылды деген сөз.

Бұл таблицаның ең соңындағы сілтемені басып почтаның жұмысын тексеруге болады.Хабарламаңызды жазып болған соң, послать через mail() ді басасыз сосын почтаның жұмысын тексеру үшін с:\tmp\!sendmail\  папкасына кіріңіз. Ондағы хатты ашып кодировкасының дұрыстығын тексеруге болады.

Осымен Денверді қондыру ісі сәтті аяқталды деп сенемін.

Денверде деректер базасын құру.

Деректер базасын құрып,  олармен жұмыс істеумен Денвердің құрамына кіретін phpmyadmin деген программа айналысады.Хостингтерде ондай жұмысты сPanel атқарады.

Енді браузердің адрестік тармағына  localhost/tools  деп теріңіз.Шыққан окнодағы phpmyadmin сілтемесін түртіңіз.

1. Пайда болған бет арқылы деректер базасын, яғни База данных закладкасын ашыңыз.

2. Деректер базасын мен mylessons деп атаймын, сіз де қалауыңызша ат беріңіз.Сосын создать деп түртіп жіберіңіз.

3. Енді привилегия закладкасын басамыз да Добавить пользователя - ны түртіп жібереміз.

4.Келесі окнода сіз админнің, яғни өзіңіздің атыңыз бен пароліңізді нақтылайсыз.Хост- localhost болып қалады.

5. Енді пайдаланушы админге, яғни сізге привилегия, яғни барлық праволар - Отметить все - арқылы белгіленеді.

Денвердегі бірінші сайт парақшаңызбен!

Енді әзірше осы үйренгендерімізбен ендігі уақытта осы Денверде сайт парақшаларын жасайтын боламыз. 

Сонымен, қорытындылайық:

1. Денвер сайтты үйдегі компьютеріңізде отырып интернетке шықпай-ақ жасауға мұмкіндік беретін программа.

2. Сайт парақшаларын мен толықтай мына мақаламда баяндап өткен Notepad++ -те жаза аласыз.Бастапқы кодтар тізбегін менің мына HTML туралы, PHP туралы, AJAX пен jQuery, Үздіксіз сөйлемшелер туралы жазып өткен мақалаларымнан ала аласыз.

3. Сайттың нәтижесін көру үшін өзіңіз Денвер пакетін қондыруға рұқсат еткен С дискіңіздегі папканы ашыңыз.

 Сосын ол папканың ішіндегі home\localhost\www  папкасының ішінен болашақ проектіңіз, яғни сайттың уақытша атын атап жаңа тағы бір папка ашасыз.

Мен мысалы өзім Денверге таңдаған c:\servers\home\localhost  дің ішіндегі www папкасының ішінен жаңа папка ашып оны newasus деп атадым.Сіз өз қалауыңызша басқа атау бере аласыз.Яғни бұл менің әзірше Денверде ашқан жаңа сайтымның аты - уақытша домен (әзірше .kz қосуға болмайды).

Осындай бірнеше жаңа папка ашу арқылы сіз әр түрлі проектілер, яғни басқа сайттар аша аласыз.

Енді осы аталған папканың ішіне жаңа сайтыңызға қатысты барлық файлдарды орналастыру керек болады.

Сайт әбден пісіп-жеткен соң осы папканың ішідегінің бәрін FileZilla Client арқылы хостингтегі htdocs папкасына көшіресіз де, сайтыңызды интернет әлемінен көре аласыз.

4. Енді компьютеріңізге мен жазған мақалам арқылы қондырған Notepad++ ті ашып, сабақтарда айтылған бір PHP кодына арналған скриптімді бұрынғы папкасынан Денвер орнатылған папкаға Сохранить как  арқылы жаңа атаумен  index.php  деп атап көшіріп алайық.

Себебі, сіз браузердің адресті теру тармағына өзіңізге керек сайттың атын жазғанда, ол браузер серверге осы сайт бойынша сұрау салады, ал сервер өзінде үнсіздік (по умолчанию) бойынша белгіленген тәртіппен сол аталған сайттың негізгі папкасынан әрқашан index.html немесе index.php-ні іздейді, яғни сайт index атаумен байланыста ашылады.

Осы жерде айта кететін маңызды мәселе мынау:

1. Егер сервер сайттың ең негізгі папкасынан index.html-ді тапса, онда ол браузерге жөнелтіледі және сол браузер өз интерпретаторы арқылы парақшаның HTML кодын web-парақшаға айналдырып сізге өзі көрсете алады.

2. Ал егер сервер  index.php-ны тапса, онда ол PHP скрипт коды серверде орындалып, шыққан HTML коды браузерге жөнелтіледі.Сосын оны браузер web-парақшасына айналдырып сізге көрсетеді.

Осы тек index атауына ғана негізделген байланыстан құтылу үшін негізгі папкада болатын .htaccess деген файлдың ішінде өзгерістер жасалады.Бірақ онымен сіз әзірге басыңызды ауыртпаңыз.Кейін керек болса оны да жасай аласыз, бірақ оны көбіне ешкім өзгертуге тырыспайды.Бірақ, осы .htaccess файлын жақсылап жазу керек, себебі ол сайтты көп бәлелерден қорғайды және ол туралы кезінде осы сайтта мақала жазылатын болады.

Кодировканы ұмытпай UTF-8 деп белгілеңіз.


5. Денверді ашу үшін компьютеріңіздегі Рабочий столыңызға орнатқан Денвердің ярлыктарының бірі Start Denwer ді түртіп жіберіңіз.Екі қара DOS окнолары жүріп өтеді.

 Енді қалаған браузеріңізді ашып, адрестік тармағына мынаны жазыңыз. localhost/newasus деп. newasus тың орнына өзіңіз www де ашқан папкаңыздың атын жазасыз.

6. Мінекей, сайт парақшасы шыға келді.Менің парақшам төмендегідей болды.Сізде де осындай болып шығуы керек.Түсініксіз таңбалар шықса, кодировканы өзгертуді ұмытқаныңыз болып табылады.


7. Ал басқа тест-тәжірибе (практика) жасауға арналған PHP скриптер  Денверде орындалуы үшін www папкасының ішінен мысал үшін  testphp деп папка ашып, соған мен PHP сабағымда көрсеткен файлдарды көшіріп салыңыз.Сосын браузерден былай ашып localhost/testphp/regulartest.php  деп, және тағы басқа файлдарды да осылай аша отырып, олардың кодының нәтижесін көре аласыз.

Енді бұдан былай Денвер сіз үшін көп жақсы қызметтер атқаратынына толықтай сенемін.

Денверде жұмыс жасап болған соң оның тағы бір ярлыгы Stop Denwer ді басуды ұмытпаңыз, ол арқылы сіз Денвер ден шыққан болып есептелесіз. 

Іске сәт! 

Егер мақала көңіліңізден шықса, онда онымен төмендегі түйме арқылы достарыңызбен бөлісіңіз

Пікірлер