Хостинг және домен туралы

16 Сәуір 2015

Хостингті үлкен компьютермен теңестіруге болады.Біз сайт жасауға қатысты барлық файлдарды сол компьютерге орналастырамыз.

Ал домен дегеніміз ол сайттың аты.Біріншіден, домен атын жақсылап ойланып таңдау керек,бірақ ол қайталанбау керек.|Оны тексеру үшін WHOISді пайдаланамыз,ол егер ондай ат жоқ десе,ол атты өзімізге домен қылып бекітіп алуымызға болады.

Хостинг тегін және ақылы болып екіге бөлінеді, мысалы ресейде ukoz.ru,narod.ru сықылды тегін хостингтер бар.Бірақ, тегіннің аты тегін, ол жерде сайттың сүйемелденуі нашар жүргізіледі және олар сайтты қалаған кездерінде хостингтерінен алып тастай салады екен деседі.

Ал ақылы хостингтерде сайттың техникалық жағынан сүйемелденуі жақсы жолға қойылған. Доменді хостингтен сатып ала аласыз және ол да, хостингтің бағасы да өте қымбат тұрмайды.Бірақ, менің ойымша домен мен хостинг бір жерде болмағаны дұрыс және бұл тек менің ғана пікірім емес.

Біздің елде хостинг таңдау қиынның қиыны, себебі хостингтердің жұмысына баға беретін статистикалық мәліметтер жоқ десем де болады.Сондықтан, хостинг таңдауда түйсігіңізге сенесіз, басқа амал жоқ. 

Ең бір хостинг таңдағанда ескеретін жайт- ол жерде PHP мен MySQL деректер базасы қолданылуы, себебі кей хостингтер тек PHP ның сүйемелдеуімен жұмыс істеуі мүмкін.Ал MySQL жоқ болса, сайт тез жұмыс істей алмайды.

(Жалғасы бар.....)

Егер мақала көңіліңізден шықса, онда онымен төмендегі түйме арқылы достарыңызбен бөлісіңіз

Пікірлер