HTML сілтемелері

14 Желтоқсан 2014

Сілтемелер web-парақшаларын жасағанда қолданылатын ең көп таралған әрекет-амалдардың бірі.Оларды сіз жазбай танисыздар, мысалы менің мақалаларымда олар басқа сөз тіркестерінен ерекшеленіп, көк түске боялып тұрады.Ал басқа сайттарда олар басқаша болуы мүмкін.

Меню бөлімдерін немесе тарауларын да осы сілтемелер арқылы жүзеге асыруға болады.Яғни олардың үстінен түрту арқылы сіздер басқа мақалаға, болмаса басқа сайттарға ауыса аласыздар.

Олар тек қана сөзден не сөз тіркестерінен жасалмайды - олар суреттер арқылы да жүзеге асуы мүмкін.

Міне, осы сілтемеге жауапты HTML тегтерінің бірі - ашық тег "" және жабық  тег "".Ал ол сілтемені жүзеге асырып, сізді қалаған жеріңізге апарып тастайтын - оның атрибуты "href".|

Мысалы, сіздер интернет әлемінде URL- деген сөзді жиі естіген шығарсыз.Міне осы интернеттегі кез келген ресурстың (файлдың) орналасқан орнын немесе адресін көрсететін осы URL(Uniform Resource Locator).

Ал ол жоғарыда айтылған HTML тегі  "href" арқылы сипатталады.Мысал үшін менің бір мақаламдағы сілтемені қарастырайық.Бұрын айтып өткенімдей, кез келген браузерде сайт парақшасының кез келген нүктесінде тұрып,сол жақ мышканы басқанда ПРОИНСПЕКТИРОВАТЬ ЭЛЕМЕНТ деген сөйлем шығады.Ал ол кодты қарауға мүмкіндік береді, демек соны пайдаланалық, яғни оның үстінен түртіп жіберелік:

Төменгі суретте сілтеменің жазылу әдісі көрсетіліп тұр.

Енді осыған талдау жасалық.

Абсолютті және салыстырмалы сілтемелер.

1. Сөйлем тіркесі "блоктық беттеу" ден сілтеме жасалып, ол тіркес   тегтерінің ортасына орналасқан.Осы "блоктық беттеу" дің үстінен басқанда, сіз сілтеме арқылы жаңа бетке "Сайт беттеудің кең қолданылатын түрі - блоктар арқылы беттеу" деп аталатын парақшаға көшесіздер.

2. http://asuasu.kz/sait-betteu-bloktau    - Бұл URL - адрес және осы жазылған қалпында ол абсолютті сілтеме деп аталады.Себебі, бұл жерде ресурстың адресі  деректерді өткізу протоколы(http) және доменмен(asuasu.kz) бірге толықтай сипатталып тұр.

Ал егер сілтеме жазылған файл(мысалы, index.html)  сол сілтеме жасалған файлмен(мысалы, news.html) бір папкада орналасқан болса, онда "href" ті сипаттап жазғанда http(деректерді өткізу протоколы) мен доменді көрсетілмейді.Яғни,сілтемені былай жазуға болады және бұл салыстырмалы сілтеме деп аталады:

Салыстырмалы сілтеме мәтіні

Егер "news.html"  басқа бір "papka" деп аталатын папкада жатса, онда салыстырмалы сілтеме былай жазылады:

Салыстырмалы сілтеме мәтіні

Ал егерде керісінше "index.html" файл "papka" папкасында жатып, ал "news.html" сыртында болса, онда салыстырмалы сілтеме былай сипатталады:

Салыстырмалы сілтеме мәтіні

Сонымен, жоғарыдағы суретті талдауды әрі қарай жалғастырайық.Көкшіл рамкадағы жазылған сөз тіркесі нені білдіреді?

Бұл   target = "_blank"  сілтеме бойынша көрсетілген файл жаңа бетте ашылсын жеген нұсқау.Егер осылай көрсетілмесе, онда үнсіздік бойынша файл осы бетте ашылатын болады.

Зәкірлерді пайдалану.

Кейде парақша беті ұзын болса, не болмаса қандайда бір бөлігіне өту керек болса, не болмаса парақшаның бас жағына өтуге қолайлы болсын деп зәкірлерді пайдаланады.

Мысалы, осы сілтемені түртіп жіберсеңіз, онда АБСОЛЮТТІ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР тақырыбының жанына келесіз.

Мұндай ауысулар жасау үшін "name" деген параметрге мынадай "#"ге тіркестіріп мән беріп бос сілтеме жасап парақша бетіндегі қалаған орнымызға қоямыз.

Сосын ол жерге сілтеме жазғанда "href" ке сол мәнді белгілейміз.Мысалға төмендегі осы парақшаның HTML кодын қараңыз:

Осылай қалағаныңызша зәкірлер салуыңызға болады.

Қысқаша мәлімет-подсказка.

Сілтеме жасағанда оның "title" деген параметрі тағы бар, соған мән ретінде қысқаша  мәтін жазасыз.Сосын ол мәтін мышканың курсоры сілтемеге таяғанда пайда болады.

Оның пайда болуы үшін, бар болғаны осы өзіңіз ашып отырған парақшаның HTML кодындағы сілтеменің параметрі "title"ге "Сілтемені түртіңіз" деген мәнді жаздым. Мысалы, төмендегідей:

Сонда нәтиже былай болып шықты, ия болмаса жоғарыдағы осы сілтемеге курсорыңызды жақындатып көріңіз:

Егер мақала көңіліңізден шықса, онда онымен төмендегі түйме арқылы достарыңызбен бөлісіңіз

Пікірлер