HTML формалары

8 Ақпан 2015| 2 Пікір

HTML формалары сайттың ең басты маңызды элементтерінің бірі болып табылады.Формаларды пайдаланушылар енгізген деректерді серверге өңдеуге жіберу үшін пайдаланады.

Формаларға мысал ретінде сайттарға тіркелу, пікірлер жазып жіберу, кері байланыс, сұрақтарға жауап беру болмаса дауыс беру, файлдарды жүктеу  сияқтыларды келтіруге болады.

 Сонымен, форма HTML дің жұптасқан тегтері <form> </form> арқылы құрылады. Яғни, форманың басы <form>мен басталып, аяғы </form>мен аяқталады. Оcы екі тегтің ортасына форманың қалған элементтері жайғасады. әрі қарай

HTML тізімдері

15 Желтоқсан 2014| Пікірлер жоқ

Тізімдер дегеніміз таңбалардан не сандардан басталатын, өзара бірі-бірімен қандай да бір байланыста болатын сөздердің немесе сөйлемдердің жиынтығы.

Олар әртүрлі деректерді реттеп және бір жүйеге келтіруге мүмкіндік беріп қана қоймай, оларды сайт оқырмандарына көрнекті және қолайлы түрде ұсынуға көмектеседі.

Тізімдер көбінесе меню навигациясын жасауда кең қолданылады. әрі қарай

HTML сілтемелері

14 Желтоқсан 2014| Пікірлер жоқ

Сілтемелер web-парақшаларын жасағанда қолданылатын ең көп таралған әрекет-амалдардың бірі.Оларды сіз жазбай танисыздар, мысалы менің мақалаларымда олар басқа сөз тіркестерінен ерекшеленіп, көк түске боялып тұрады.Ал басқа сайттарда олар басқаша болуы мүмкін.

Меню бөлімдерін немесе тарауларын да осы сілтемелер арқылы жүзеге асыруға болады.Яғни олардың үстінен түрту арқылы сіздер басқа мақалаға, болмаса басқа сайттарға ауыса аласыздар.

Олар тек қана сөзден не сөз тіркестерінен жасалмайды - олар суреттер арқылы да жүзеге асуы мүмкін.

Міне, осы сілтемеге жауапты HTML тегтерінің бірі - ашық тег "<a>" және жабық  тег "</a>".Ал ол сілтемені жүзеге асырып, сізді қалаған жеріңізге апарып тастайтын - оның атрибуты "href". әрі қарай

Сайт беттеудің кең қолданылатын түрі-блоктар арқылы беттеу.

11 Тамыз 2014| Пікірлер жоқ

Қазіргі уақытта сайт беттеудің екінші түрі-блок арқылы беттеу кестелер арқылы беттеуге қарағанда кең қолданылады.Бірақ кестелермен беттеу қерек жерінде пайдаланылып, әлі де қажеттілігін көрсетіп келеді.

Әлбетте блокпен беттеу үшін "div" тегі (ия болмаса див не контейнер деп те атайды)  пайдаланылады.Осы тақырыпты бастамас бұрын біз HTML туралы (HTML тегтері деген не, тармақ және блок тегтері, кестелер жайында) және CSS ережелерімен (селекторлар туралы, height-width-overflow,  padding-margin-border, float-clear ережелері) таныстық. Әрине бұл тегтер мен ережелердің барлығы емес, бірақ осы мағлұматтар әзірше блоктап беттеуді  және сол арқылы сайт парақшаларын жасауды үйренуге негіз болады.

Және осы сабақты ұғыну үшін барлық файлдарды тек локальдық сайт- Денверге арналған папкада, нақтылап айтқанда c:servers\home\localhost\www\newasus папкасында ашамыз.Ол папканы мен осы Денвер пакетін қондырғанда ашқанмын, ал сіз ол жаңа папканы басқаша атаған болуыңыз мүмкін.Егер естеріңізге түсіргіңіз келсе Денвер туралы жазылған мақаламды тағы да қарап шығыңыз. әрі қарай

Сайт беттеудің бірінші түрі - кестелер қолдану арқылы жүзеге асады.

31 Тамыз 2014| 3 Пікір

Сайт парақшаларын беттеудің екі түрі қолданылады.


Бірінші түрі - кестелер арқылы беттеу.Бұрын CSS пайда болмай тұрғанда, сайт парақшалары осы кестелер арқылы жүзеге асырылатын болған.Ал қазір CSS ті кеңінен қолдана бастағаннан соң ол жолмен беттеу азайып, орнына блоктық беттеу пайда болды. әрі қарай

HTML тегтері DIV және SPAN туралы - тармақ және блок тегтері арасындағы айырмашылық.

31 Тамыз 2014| Пікірлер жоқ

Web-парақшаның бетіндегі <body>,</body> жұптасқан тег-елементтерінің арасындағы HTML тегтері негізінде екі топқа бөлінеді: 

1. тармақ тегтері.

   Бұл тегтер мәтіннің болмаса тармақтың бөліктерін рәсімдеу үшін қолданылады.

2. блок тегтері.

   Ал бұл тегтер ("div", "p", "h1"-"h6") web-парақшааларының ішкі құрылымын құрастыру үшін қолданылады.

Солардың ішіндегі web-парақшаларын жасауда ең көп қолданылатыны тармақ тегтерінің ішіндегі SPAN тегі және блок тегтерінің ішіндегі DIV тегі.Екеуі де жұптасқан тегтер қатарына жатады. әрі қарай

HTML деген тіл сайттың негізгі құраушысы.

30 Тамыз 2014| 8 Пікір

Сонымен, HTML деген не? HTML тегі нені білдіреді.

Мен бұл мақаламда HTML дегеннің не екендігіне тоқталып қана қоймай, HTML дің үйренуге қаншалықты жеңіл тіл екендігіне оқырмандардың көздерін жеткізгім келеді.Себебі, бұл тілді үйрену арқылы сіз қалай сайт жасалатынын сәл де болса ұғына аласыз.

HTML дегеніміз-  ағылшынша HyperTextMarkupLanguage, яғни гипертексті таңбалау тілі дегенді білдіреді.Осы тіл арқылы сайттың парақтары жазылады.

Оны ең бірінші болып ашып, әлемге паш еткен интернеттің атасы Тим Бернерс-Ли деген азамат.Ол мұндай тілді ашу үшін сол кезде қолданыста жүрген SGML деген тілді пайдаланған. әрі қарай