Интернет-дүкеннің мақсаты мен болашағы

16 Сәуір 2015

Интернет-дүкен ашудағы мақсат-online тапсырыстың мүмкіндігін халыққа жеткізу, тауармен таныстыру.

Қазір заман талабы тездікті талап етеді, себебі уақыт үнемдеу керек.Міне, осы кезде керек-жарағыңды тапсырыс беру арқылы алып отырғанға не жетсін.

Интернет-дүкен парағында әр тауардың сипаттамасы,бағасы және сатып алушыға қалай жеткізілетіні анық көрсетілуі керек.

Төлемдер қай валютада жіргізіледі және есеп айырысу шартарының әр пункті нақтылы түрде сипатталуы тиіс.|

Сонымен бірге екі жақтың,яғни сатып алушы мен тауар сатушының жеке жауапкершіліктері мен міндеттері де парақ бетінде орын алуы тиіс.Бұл қадам егер екі жақтың біреуінде түсініспеушілік туған кезде дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

Интернет-дүкеннің администраторға арналған жеке парағы болуы керек, ол жерде тауарлар толықтырылып тұрады және сатып алушылармен пошта арқылы байланыс орнатылады.

Менің осы сіздерге ұсынып отырған интернет-дүкенімде - tomiris.asuasu.kz - осылардың бәрі жіті қамтылған.Бұл үлгі түрінде жасалынды, сайт түрі сіздің қалауыңызша өзгертіледі.Егер интернет-дүкен ашу жоспарыңызда болса admin@asuasu.kz  поштасы арқылы хабарласыңыз!

Болашақта сауда-саттықтың бәрі дерлік интернет арқылы жүзеге асатынына кәміл сенемін, сондықтан осы бастан алдыңғы лекке шығу үшін осы саланы қолға алуыңыз қажет!

Іскерлік сіз басқалардан бір адым алға жүргенде ғана сізге жаңа табыстар әкеледі!


Егер мақала көңіліңізден шықса, онда онымен төмендегі түйме арқылы достарыңызбен бөлісіңіз

Пікірлер