Мен танитын тегін антивирустар

4 Маусым 2015

Мен бір кездері ақылы Kaspersky Internet Security антивирус программасын қолданған болатынмын.Бірақ уақыт өте келе байқай бастадым - ол система ресурсын көп алып, компьютер әзер жүктелетін жағдайға тап бола бердім.Сол себепті, қазір керек кезде қолдана салуға оңай әрі мықты тегін антивирустарды қолданатын болдым.Бірақ тегін антивирустардың арасында системаны әркезде бақылап отыратындары да бар,бірақ олардың компьютерде сақталуын қаламаймын - сол баяғы системаға көп кедергі келтіріп, оның жүктелуін баяулатады деп санаймын.

Сондықтан  Windows 7 брандмауэрін қосулы күйінде ұстап отырып,тек ара-тұра сол өзім білетін антивирустарды қолданып отырамын.

Олар мыналар:Kaspersky Virus removal Tool және Dr.Web CureIt!.

1. Kaspersky Virus removal Tool (KVRT) мына сілтемеде берілген тегін антивирустар тізімінен алынады.Сіз олардың басқаларын да байқап көріңіз - зиян шекпейсіз|!


KVRT ні жүктеп болған соң, оны өз компютеріңізде  іске қосқаннан кейін Change parameters  ді түртіп жіберіп, керек жеріне жұлдызша қоясыз. Ал вирус ұстау жұмысы  Start scan үстінен түрткеннен кейін басталады:



2.  Dr.Web CureIt!   Бұл утилитаны да осы сілтеме арқылы жүктеп аласыз.Қолдану тәсілі алдыңғы антивирус жағдайына ұқсас.



Компьютеріңізге жүктеп болған соң, көрсеткен бағытты ұстап отырасыз!



Windows 7 брандмауэр

Сосын Windows 7 брандмауэр туралы бір-екі ауыз айтып кеткім келеді.Бұл өте сенімді құрал болып табылады.Брандмауэр, кейде оны firewall не болмаса межсетевой экран деп те атай береді.Аталуы әртүрлі болғанымен негізгі жұмысы біреу және өте маңызды- біздің компьютерімізді сыртқы жаулардан және біздегі мәліметтердің сыртқа шығып кетуінен қорғау болып табылады.Ал егер сіздің компьютерде тұрақты антивирусыңыз болса, онда оларда да сондай брандмаузр бар болғандықтан тек біреуін қалдыруға тура келеді, әйтпесе жағдай қиындап, олардың өзара келіспеушілігінен система зардап шегуі ғажап емес.

Сонымен , Windows 7 брандмауэрді бекіту үшін Панель управления ->Брандмауэр Windows түртеміз.

 


Брандмауэрді өзгерту үшін сары түсте көрсетілген жерді түртіп төменде көрсетілген экранға өтесіз.

Айта кететін мәселе мынадай: Домашние или рабочие сети деген өз жеке желіңіз немесе жеке компьютеріңіз.Ал, общественная сеть деген ол Интернет.Ал жеке желіңіз болмаса системаны әурелемей тек қана интернет үшін брандмауэрді қосқан дұрыс деп ойлаймын.



Менде брандмауэр Windows 7  тек интернет үшін мына төменде көрсетілгендей қосылып тұр:




Іске сәт!

Егер мақала көңіліңізден шықса, онда онымен төмендегі түйме арқылы достарыңызбен бөлісіңіз

Пікірлер