MySQL операторлары және phpMyAdmin

12 Желтоқсан 2014| 3 Пікір

MySQL дегі операторлармен таныспас бұрын естеріңізге сала кететін өткен тақырыптардың бірі Денвер пакетін орнату барысында  баяндалған phpMyAdmin.Соған қосымша тоқталып өтпекпін, себебі ол сайт жасауда қолданылатын ең керекті құрал.

phpMyAdmin -  PHP тілінде жазылған web-программа және MySQL жүйесін басқаруға арналған web-интерфейс.Ол арқылы  браузерді пайдаланып MySQL серверін басқаруға, SQL командаларын орындауға, деректер қорындағы кестелердегі жазбаларды өңдеуге болады.

phpMyAdmin нің кең қолданылатын себебі - осы интерфейс арқылы SQL операторларын қолмен жазып отырмай-ақ MySQL жүйесін оңай басқаруға болады.

Яғни phpMyAdmin арқылы дереқорды,оның кестелерін,жазбаларды жасауға, оларды өңдеуге,жойып жіберуге, дерекқорды бір орыннан келесі орынға көшіруге,кез келген операциялар кезінде кеңесін пайдалануға болады.

Бір сөзбен айтқанда, phpMyAdmin сайт жасаушылардың ең негізгі сайманы.Сондықтан қасықты қалай пайдалансаңыз, бұл құралды да солай жақсы меңгеру керек.Және оны үйрену он-оңай! әрі қарай

MySQL дің құрылымы

17 Желтоқсан 2014| Пікірлер жоқ

Деректер қоры дегеніміз белгілі бір құрылымға бағынатын деректер жиынтығы.Кейде осындай деректер қорын реляциондық(relation - қатынас, байланыс) деректер қоры деп атайды.Себебі, мұндай деректер қорында деректер қалай болса солай сақталмайды,керісінше мақсаттарына сай бөлек-бөлек кестелерде орналасады және  бір-бірімен қандай да бір қатынас арқылы байланыста болады.

MySQL міне осындай қатынастағы деректер қорын басқаратын жүйе, яғни программа.Ол деректермен жұмыс істеу үшін SQL (Structured Query Language - құрылымдалған сұраныстар тілі) тілін пайдаланады.

Реляциондық деректер қорына мысал ретінде интернет-дүкендерге арналған дерекқорды алайық.Ол деректер қоры мынадай кестелерден тұруы мүмкін - тауарлар кестесі,категориялар кестесі,сатушылар кестесі,тапсырыстар кестесі,тауарлар сипаттамасы жазылған кесте және тағысын тағылар. әрі қарай

MySQL арқылы динамикалық сайттар тез жүктеледі, яғни олар жеңіл болады.

8 Тамыз 2014| 2 Пікір

Құрметті оқырман, бүгін мен MySQL (Май Эсь Кью Эль деп айтылады) деген не деген сұрақтың жауабын беруге тырысамын.

MySQL деген сайт жасауда қандай маңызды орын алады деген сауал да жауабын табады.

Сонымен, MySQL - дегеніміз шағын көп потокты деректер қорының сервері. MySQL тұрақты, қолдануға жеңіл және өте жылдам боп саналады.Оны сайт жазуда PHP скриптімен бірге қолданады. 

MySQL кезінде TcX деген компанияның өз ішкі сұраныстарына, яғни өте үлкен деректер қорын тез жүктеу мақсатына негізделіп жасалынған екен. әрі қарай