MySQL арқылы динамикалық сайттар тез жүктеледі, яғни олар жеңіл болады.

8 Тамыз 2014

Құрметті оқырман, бүгін мен MySQL (Май Эсь Кью Эль деп айтылады) деген не деген сұрақтың жауабын беруге тырысамын.

MySQL деген сайт жасауда қандай маңызды орын алады деген сауал да жауабын табады.

Сонымен, MySQL - дегеніміз шағын көп потокты деректер қорының сервері. MySQL тұрақты, қолдануға жеңіл және өте жылдам боп саналады.Оны сайт жазуда PHP скриптімен бірге қолданады. 

MySQL кезінде TcX деген компанияның өз ішкі сұраныстарына, яғни өте үлкен деректер қорын тез жүктеу мақсатына негізделіп жасалынған екен.|

MySQL кіші және орта бағдарламалар үшін нағыз сәтті жасалынған дүние.Ол көп потокты сүйемелдеуі бар UNIX-серверлерде өз мүмкіндіктерін толық көрсете алу нәтижесінде өте үлкен көрсеткіштерге ие болуда.MySQL - сервер коммерциялық емес бағытта қолдануда тегін болып саналады.

MySQL дің мүмкіндіктері.

MySQL-ANSI 92 стандартындағы SQL сұраныстарын қолданады.Оның мынандай мүмкіндіктері бар:

1. Саны шектеусіз пайдаланушылар деректер қорымен біруақытта жұмыс істей алады.

2. Таблицадағы жолақтар саны 50 млн ға дейін жете алады.

3. Командалар өте тез орындалады. Осы күнгі серверлердің ішінде MySQL ең жылдам сервер боп есептеледі.

4. Қарапайым және нәтижелі қауіпсіз система.

MySQL дің кемшіліктері.

MySQL дің жылдамдығын арттыру үшін оның жасаушыларына әлбетте СУБД (Деректер қорын басқаратын система) үшін қолданылатын келесі талаптардан бас тартуына тура келген.

1. Құрамдас сұраныстар, яғни мынадай SELECT * FROM table1 WHERE id IN(SELECT id FROM table2) қолданылмайды.

2. Транзакция мүмкіндігі жоқ, оның орнына LOCK/UNLOCK table ұсынылады.

3. Триггер мен процедуралар сақтау мүмкіндігі жоқ. 

Бірақ оның бұл кемшіліктері Web-парақшаларын жасауға еш кедергі келтірмейді, себебі оның өте жылдам және бағасы тегін болғандығы оны халық ең көп қолданатын серверге айналдырды.

Егер мақала көңіліңізден шықса, онда онымен төмендегі түйме арқылы достарыңызбен бөлісіңіз

Пікірлер