Notepad++ деген HTML, CSS, PHP т.б. кодын жазуға арналған ең жақсы тегін редактор.

8 Тамыз 2014

Мен үшін сайт парақшаларын жазуда ең жақсы редактор Notepad++.Ол HTML, CSS, PHP, Javascript т.б. кодын жазуға арналған және өз қызметін өте жақсы орындайды.Notepad++ ты оның өз сайтынан компьютеріңізге еш қиындықсыз жүктеп алуыңызға болады.

Егер сіздің сайт ашумен  айналыспақ мақсатыңыз айқын болса, онда сіз нақты түрде осы Notepad++ ты өз компьютеріңізге орнатып алуыңыз керек.Себебі, ол сіздің жұмысыңызға  көптеген  жеңілдіктер силайды.|


Notepad тың не істей алатыны төмендегідей:

1. Әр тегтер топтамасын сіздің қалауыңызбен жасалған настройка бойынша белгілі бір түске бояп отырады.

Кодтарды белгілі бір тармақтың жанындағы "+" немесе "-" ке басып, блоктарға жинап не ашып отыруға болады. Ал пунктирмен HTML тегтерінің арасындағы байланыс көрсетіледі.

Мына төмендегі PHP кодынан үзінді:


Бұл жерде байқап отырған боларсыз, әрбір сөздің топтамасы бір түске боянған.Яғни HTML тегтері "div", "span", "h2", "a" көкшіл түске  боялған. 

Бұлай істеу үшін мына опцияның ішінен определение стилей-ді таңдау керек.



Ал HTML дің атрибуттары қызғылт болсын десеңіз, настройкасын төменде көрсетілгендей жасасаңыз болады.


2. Бұл редакторда сайт парақшасында түсініксіз таңбалар шықпас үшін кодировканы UTF-8 (без ВОМ) ге өзгертуге болады.


3. Notepad тың  бір бетіне бірнеше файлдарды жүктеп алуға болады, олар закладкалар ретінде рет-ретімен орналасады.



4. Бұл редактор жазғандарыңызды есте сақтап орырады.Егер жасаған өзгерістеріңіз ұнамай қалса, жоғарыда тұрған кері бағыты көрсететін таңбаны бассаңыз, қайтадан бұрынғы жазбаңызға қайтып келе аласыз.

5. Notepad кез-келген сөз құрамы арқылы іздеген файлдарыңызды тауып бере алады.Және егер қаласаңыз бір сөз тізбегін басқасымен өзгертіп те бере алады.

 


6. Егер сіз Notepad те HTML парақшасын жазып отырсаңыз, оның қандай дүние болып шыққанын көру үшін төменде көрсетілгендей қалаған браззерде көруіңізге болады.


Notepad++   плагиндері

Notepad ++ тың көп пайдаланатын функциялары осы жоғарыда атап өткенімдей.Оның басқа да көп жақтары бар.Соның бірі - оның плагиндері.Оларды төмендегі суретте көрсеткенімдей жүктеп алуға болады.


1. TextFX плагині.Оның көмегімен HTML тегтерін автоматты түрде ашылған соң жабылуын жүзеге асыруға болады.


2. Енді келесі Compare арқылы екі парақшаның жазбаларын салыстыруға болады.

 


Мысалы төменде екі парақшаны салыстырып көрейік, ұқсас емес жерлері әр түске боялып тұрады.


Бұрынғы қалпына қайтып келу үшін Clear Results басыңыз.

3. Егер сізге сайт парақшаларын FTP арқылы қайта өңдеу керек болса, келесі плагинді пайдалануға болады.



Бұл бетке хостингіңізден келген хат бойынша керек деректерді толтырасыз.

Бірақ, мен негізінде сайтпен FTP арқылы жұмыс істегенде бұл плагинді емес, FileZilla-ны қолданамын.

Енді мен бұл мақаламнан кейін Notepad++ редакторы сіздерге сайт парақшаларын жазуда өте жақсы көмекші болады деп сенемін яғни іске сәт тілеймін!

 

Егер мақала көңіліңізден шықса, онда онымен төмендегі түйме арқылы достарыңызбен бөлісіңіз

Пікірлер