PHP. Объектіге бағытталған бағдарламалау.

13 Наурыз 2015| Пікірлер жоқ

PHP да процедуралық бағдарламалаумен қатар объектіге бағытталған бағдарламалау ОББ (ағылшынша - Object Oriented Programming яғни қысқаша OOP )да кең қолданылады.Қазіргі үлкен сайт жобаларын да осы ОББ қолданып жасайды.

Неге?

Мысалы, сіз бағдарлама кодын ОББ ның арқасында модульдерге бөліп жазуыңызға болады.

Ал деректер мен олар арқылы жасалатын іс-әрекеттер бір объектіде анықталатын болғандықтан, оларды керек кезде бірнеше рет шақырып кодыңызда пайдалануға болады.Тіпті оларды жаңа функциялармен толықтырып отыра аласыз. әрі қарай

Үздіксіз өрнектер (regular expressions) туралы

5 Наурыз 2015| Пікірлер жоқ

Үздіксіз өрнектер деген не?

Ол программистердің ең күшті құралдарының бірі.Оны көбінесе PHP скриптін жазғанда қолданады.

Сонымен, үздіксіз өрнектер дегеніміз белгілі бір ереже бойынша мәтіннің ішінен тармақшаны іздеп табуды сипаттайтын символдар (таңбалар) жиынтығы. әрі қарай

PHP.Альтернативті синтаксис.

6 Қыркүйек 2014| Пікірлер жоқ

if, switch, while, for және foreach секілді басқаратын құрылымдар үшін PHP да альтернативті синтаксис қарастырылған.

Мұндай синтаксис, жоғарыда аталып өткен құрылымдардағы пішінді ашық жақшаны қос нүктемен (:),  ал  оның жабық түрін сәйкес келетін endif, endswitch, endwhile, endfor және endforeach сияқты арнайы сөздермен алмастыру нәтижесінде құрастырылған.

if альтернативті синтаксисі.

Бұл синтаксис бойынша шартты өрнектен кейін қос нүкте (:) қойылады және одан соң бірнеше нұсқаулар болса да ешқандай жақша қойылмайды.Тек ең соңында барлық нұсқаулар жазылып біткеннен кейін endif жазылады.Мысал: әрі қарай

PHP.break, continue, goto операторлары.

5 Қыркүйек 2014| Пікірлер жоқ

break операторы.

Кей кезде цикл жұмысы кезінде белгілі бір жағдайларға байланысты оны тоқтатуға тура келеді.Міне осындай уақытта осы break операторын қолданады.Оператор break міндетті емес сандық аргументке ие болуы мүмкін.Бұл мән арқылы оған қанша бір-біріне салынған құрылымдардың жұмысын бітіріп барып тоқтау керектігі беріледі.Егер тек сол бір ғана жүріс орындалып бітуі қажет болса аргумент мәні жазылмайды, яғни үнсіздік бойынша ол 1ге тең.Мысал: әрі қарай

PHP.Цикл операторлары.

5 Қыркүйек 2014| Пікірлер жоқ

Цикл дегеніміз бір немесе бірнеше нұсқаулардың бірнеше рет қайталанып келуіне мүмкіндік беретін программа кодының бөлігі.Осындай әр қайталану итерация деп аталады.

Әр цикл екі бөліктен тұрады.Бірінші бөлік циклдың қай кезде тоқталатынын көрсетеді, ал екінші бөлік пішінді жақшаларда орналасқан бір немесе бірнеше нұсқаулардан құралған программа кодынан тұрады.

Циклдың кодтан тұратын бөлігі оның шартты өрнегінің мәні  true болса шексіз орындала береді.Сондықтан циклдың коды шартты өрнек мәні false болатындай жағдай тудырып, қайталануды тоқтатады да, программаның  орындалу барысы циклдан кейінгі басқа бөліктерге ауысады. әрі қарай

PHP.switch шартты операторы.

4 Қыркүйек 2014| Пікірлер жоқ

Кей кезде бірінен кейін бірі орналасқан if else операторларының орнына арнайы құрылым switch-case операторын қолданған қолайлы болады.Бұл оператор айнымалыдан тұратын шартты өрнектің мәнін белгілі бір мәндермен салыстыру нәтижесінде программа кодының бөліктерін орындайды.Бұл мәндерді салыстыру үшін теңестіру (==) операторы қолданылады.

Енді екі оператор if else және switch айырмашылықтарын түсіну үшін мына мысалдарға көз жүгіртейік: әрі қарай

PHP.if else шартты операторы

25 Қыркүйек 2014| Пікірлер жоқ

Егер программа кодын жол деп есептесек және PHP интерпретаторын осы жолдағы жолаушы десек, онда осы шартты операторларды жол қиылыстары деп елестетуге болады.Сонда әрбір жол қиылысында интерпретатор әрі қарай қай жолды таңдайтынын өрнек мәніне байланысты шешуі керек.

if операторы.

Бұл оператор шартты операторлардың ішіндегі ең қарапайымы болып есептеледі.

1. Денесі бір нұсқаудан тұратын if операторы:


әрі қарай

PHP.Логикалық операторлар.

1 Қыркүйек 2014| Пікірлер жоқ

PHP да логикалық операторлар мәннен не өрнектен тұратын екі операндты салыстыруға мүмкіндік береді.

Логикалық операторлар тізімі төменде көрсетілген кестеде: әрі қарай

PHP.Салыстыру операторлары.

1 Қыркүйек 2014| Пікірлер жоқ

Салыстыру операторлары екі операндтың мәндерінің өзара тең не болмаса бірі екіншісінен үлкен не кіші және т.т. екендіктерін анықтау үшін оларды салыстырады.Салыстырудың нәтижесінде true немесе false деген логикалық мәндер қайтарылады.

Төмендегі кестеде сол салыстыру операторларының тізімі беріліп тұр: әрі қарай

PHP.Арифметикалық операторлар.

1 Қыркүйек 2014| Пікірлер жоқ

PHP да барлық математикалық операцияларды қолдануға болады.Операндар ретінде тұтас не бөлшек сандар пайдаланыла береді.

Төмендегі кестеде арифметикалық операторлар тізімі көрсетілген: әрі қарай

Барлығы 2 бет