PHP.Айнымалының көріну аумағы.

29 Тамыз 2014

PHP да көп айнымалылардың көріну аумағы ортақ.Бұл көріну аумағын кейде ғалами көріну аумағы деп те атайды.

Жергілікті айнымалылар.

Әрбір пайдаланушы жазған функцияның анықтамасы өзінің ішінде анықталған айнымалы үшін жергілікті көру аймағын құрып береді.Яғни кез келген айнымалы өзін жариялаған функция ішінде ғана пайдаланылады.

Бір сөзбен айтқанда PHP жалпы программа кодындағы айнымалылар мен жеке функциялардығы айнымалыларды ажырату үшін жеке функциялардың айнымалыларын бөлек орындарда сақтайды.Бұл дегеніміз әр айнымалының өзіндік жеке қолданылатын аймағы бар дегенді білдіреді.

Соның айғағы ретінде төмендегі мысалға көз жүгіртсек, онда функцияның сыртында анықталған айнымалы функция ішінде өзгермейді:|

 

Енді түсініктеме:

birth() функциясы шақырылған кезде ондағы айнымалы $age -ге 1 деген мән беріледі, бірақ бұл айнымалы ғалами көру аймағында анықталған 20 ға теңестірілген $age  айнымалысы емес.Сондықтан экранға сол ғалами көру аймағында анықталған айнымалының мәні 20 шықты.

Бұл тұста айтып кететін негізгі мәселе - жергілікті айнымалылар тек функция шақырылғанда ғана пайда болады да , ол функцияның жұмысы біткен кезде ол да жоғалады.

Ал егерде сіз ғалами айнымалыны, немесе ғалами көріну аймағында анықталған айнымалыны, өзгерткіңіз келсе, онда ол айнымалы функция ішінде ғалами айнымалы болып жариялануы керек.

Ғалами айнымалылар.

Жоғарыда айтып кеткенімдей, ғалами айнымалы программаның барлық жерінде бірдей болады,яғни функция ішінде өзгерсе,ол функция сыртында да өзгереді.Ғалами айнымалыны "global" деген арнайы сөзбен сипаттайды.


Ескерту:Айнымалылардың мұндай global түрін, яғни ғалами айнымалыларды өте сақтықпен қолдану керек, себебі олар арқылы жіберілген қатені табу өте қиын болады.

Ғалами көріну аумағында анықталатын айнымалыларды пайдалану үшін қолданылатын тағы бір әдіс - PHP дегі арнайы $GLOBALS деген атауы бар массивті пайдалану.Бұл суперғалами ассоциативті массив, оның кілттері-ғалами айнымалылар да, ал мәндері- сол ғалами айнымалылардың мәндері болып келеді.


Статикалық айнымалылар.

Статикалық айнымалы деп функция жұмысын бітірсе де жоғалып кетпейтін айнымалыны айтады.

Ондай айнымалының мәні  функцияны келесіде шақырғанда да өзгермей өзінің ең соңғы мәнін сақтап тұра береді.

Статикалық айнымалыны static деген арнайы сөзбен анықтайды.

Функцияда статикалық айнымалыны жариялаған кезде ол айнымалының мәні үшін тұрақты орын пайда болады және сол жерде оның соңғы мәні сақталып қалады.

Осы тұста ескертіп кететін маңызды мәселе- статикалық айнымалы тек функцияның жергілікті көріну аумағында ғана қолданылады,  функциядан тыс жерде ол көрінбейді.


Ескерту:Статикалық айнымалыларға бастапқы мән бергенде тек статикалық мән беру керек.Яғни оларға ешқашан өрнектің нәтижесінде шығатын мәндерді беруге болмайды:


Суперғалами айнымалылар.

PHP да суперғалами деп аталатын арнайы анықталған айнымалылар бар, олар серверді ретке келтіру мен пайдаланушылар енгізген әрбір дерек сықылды кез келген анықтаманы алуға мүмкіндік береді.

Суперғалами айнымалылар массивтер болып танылады және барлық көріну аймағында көрінетін арнайы кірістірілген айнымалылар болып есептеледі.

Төменде суперғалами айнымалылардың тізімі көрсетілген:

Айнымалының атыСипаттамасы
$GLOBALSСуперғалами мәндерді құрайды.Айнымалының аты массив индексі болып табылады.
$_SERVERWeb-сервер ге тиісті барлық мағлұматтар.
$_GETGET арқылы сұрау салу.
$_POSTPOST (форм жібергенде) арқылы сұрау салу.
$_FILESPOST әдісі арқылы жүктелген файлдар туралы деректер.
$_COOKIEHTTP cookies туралы деректер
$_SESSIONСессия туралы деректер.
$_REQUESTПайдаланушы терген деректер.Бірақ оның орнына $_GET или $_POSTпайдаланған әлдеқайда қолайлы.
$_ENVСценарийлер туралы деректер

Бір кішкене мысал келтіре кетейін:


Егер мақала көңіліңізден шықса, онда онымен төмендегі түйме арқылы достарыңызбен бөлісіңіз

Пікірлер