PHP.Альтернативті синтаксис.

6 Қыркүйек 2014

if, switch, while, for және foreach секілді басқаратын құрылымдар үшін PHP да альтернативті синтаксис қарастырылған.

Мұндай синтаксис, жоғарыда аталып өткен құрылымдардағы пішінді ашық жақшаны қос нүктемен (:),  ал  оның жабық түрін сәйкес келетін endif, endswitch, endwhile, endfor және endforeach сияқты арнайы сөздермен алмастыру нәтижесінде құрастырылған.

if альтернативті синтаксисі.

Бұл синтаксис бойынша шартты өрнектен кейін қос нүкте (:) қойылады және одан соң бірнеше нұсқаулар болса да ешқандай жақша қойылмайды.Тек ең соңында барлық нұсқаулар жазылып біткеннен кейін endif жазылады.Мысал:|

<?php   
  if ($var1 == $var2): 
    echo $var1 ."мен".$var2 " тең";        
  elseif ($var1 > $var2):       
    echo $var1."үлкен ".$var2."дан";
  else:
    echo $var1."кіші ".$var2."дан";
  endif;
?>

Ескерту: альтернативті синтаксисте elseif - ті бөліп else if деп жазуға болмайды.

switch

Мұның синтаксисі жоғарыдағы if ке ұқсас, тек соңында endswitch жазылады.

<?php 
  switch ($a):
    case 0:
      echo "\$a тең 0 ге";
      break;
    case 1:
      echo "\$a тең 1 ге";
      break;
    case 2:
      echo "\$a тең 2 ге";
      break;
    default:
      echo "\$a тең емес 0 ге, 1 ге немесе 2 ге";
  endswitch;   
?>

while

<?php
  $j = 2;
  while ($j--):
    echo "$j<br>";
  endwhile; 
?>

for

<?php
  for ($j = 1; $j <= 10; $j++):
    echo "$j ";
  endfor;
    
  // Біріне бірі салынған цикл
  for ($i = 0; $i < 10; $i++):
    echo "Бұл сыртқы цикл.<br>";
    for ($j = 0; $j < 2; $j++):
      echo "Бұл ішкі цикл.<br>";
    endfor;  
  endfor;   
?>

Ескерту:Жоғарыда көрсетілген альтернативті синтаксистердің бәрінде ешқандай пішінді жақшаларды жазуға болмайды.

Қосымша мағлұматтар:

Енді осы альтернативті синтаксисті сайт парақшасын жазғанда қалай пайдалануға болатынын көрсетейін.

Мысалы, кей жағдайда парақшаның белгілі бір бөлігін тек қандай да бір шарт орындалуы нәтижесінде көрсету керек болса:

<?php if ($var == 'yes'): ?>
  <p>Cайтқа қош келдіңіз!</p>
<?php endif; ?>

Өздеріңіз байқағандай, егер шартты өрнек true яғни $var 'yes' ке тең болғанда ғана сайт бетінде "Сайтқа қош келдіңіз!" деген сөйлем шығады.

Енді келесі мысалда сайт бетіне тізімдерді қалай шығаруға болатыны беріледі:

<ul>
  <?php for ($items = 1; $items <= 5; $items++): ?>
    <li><?php echo $items ?></li>
  <?php endfor; ?>
</ul>
 
<ul>
  <?php $items = 1; while ($items <= 5): ?>
    <li><?php echo $items ?></li>
  <?php $items++; endwhile; ?>
</ul>


Егер мақала көңіліңізден шықса, онда онымен төмендегі түйме арқылы достарыңызбен бөлісіңіз

Пікірлер