PHP.Арифметикалық операторлар.

1 Қыркүйек 2014

PHP да барлық математикалық операцияларды қолдануға болады.Операндар ретінде тұтас не бөлшек сандар пайдаланыла береді.

Төмендегі кестеде арифметикалық операторлар тізімі көрсетілген:|

ОператорТаңбасыСипаттамасы
Қосу+Екі мәнді қосу
Азайту-Бір мәннен екінші мәнді алу
Көбейту*Екі мәнді көбейту
Бөлу/Бір мәнді екінші мәнге бөлу
Бөлгеннен шыққан қалдық%Бір мәнді екінші мәнге бөлу,нәтижесінде қалдықты қайтару (модуль бойынша бөлу)
Инкремент++Санды бірге арттырудың қысқаша жазу түрі
Декремент--Санды бірге кемітудің қысқаша жазу түрі
Унарлы теріске шығару-Оң санды теріске не болмаса теріс санды оңға айналдыру

Қосу, азайту, көбейту, бөлу және модуль арқылы бөлу операторлары.

Бұл операторлардың модульмен бөлуден басқасының кәдімгі математикадағы қолданудан еш айыпмашылығы жоқ.

Модульмен бөлуде операндтар, егер олар бөлшек сандар болса, онда бүтін сандарға айналады және қалдықтың таңбасы әрқашанда бөлінгіш таңбасына ие болады.


Унарлы теріске шығару.

Бұл оператор (-) таңбасымен белгіленеді және өзінің жалғыз операндының мәнін теріске айналдырады.


Инкремент.

Инкремент операторы (++) таңбасымен белгіленеді және операндың кез келген жағында орналасуы мүмкін.

Ол операндтың мәнін бірге арттырады және нәтижесі оның операндың алдында болмаса артында орналасуына байланысты болады.

Бұл оператор көбіне айнымалымен жұмыс істейді және негізінде цикл операторының ішінде жиі қолданылады.

Инкременттің префиксті формасы.

Егер инкремент операторы операнд алдында тұрса- онда мұны префиксті форма деп атайды, яғни операнд алдымен бірге артады сосын нұсқаудың қалған бөліктері орындала бастайды.


Инкременттің постфиксті формасы.

Ал егер инкремент операторы операндтан кейін жазылса, онда бұл постфиксті форма деп аталады.

Бұл жағдайда операндты бірінші қолданғанда мәні сол күйінде қалады да,содан соң оның мәні бірге артады.

 

Декремент.

Декремент те инкремент сықылды префиксті және постфиксті формалары бар, айырмашылығы тек керісінше бірге кемітеді.


Теңестіру операторларының қысқаша жазылуы.

PHP да теңестіру операторларының қысқаша жазылу түрі программа жазғанда көп қолданылады.

Мысалы, төменде көрсетілген теңестіру операторын қарастырайық.


Енді бұл мысалды теңестіру операторының қысқаша  жазылу түрімен жазып көрейік.


Төмендегі кестеде теңестіру операторларының қысқаша жазылған түрлерінің тізімі көрсетілген:

Оператор Анықтамасы Мысал Қысқаша жазылу формасы
+= Сол жақ операндқа сол және оң жақ операндтардың қосындысы теңестіріледі. $x = $x + $y $x += $y
-= Сол жақ операндқа сол және оң жақ операндтардың айырмасы теңестіріледі. $x = $x - $y $x -= $y
*= Сол жақ операндқа сол және оң жақ операндтардың көбейтіндісі теңестіріледі. $x = $x * $y $x *= $y
/= Сол жақ операндқа сол және оң жақ операндтардың толымсыз бөліндісі теңестіріледі. $x = $x / $y $x /= $y
%= Сол жақ операндқа сол және оң жақ операндтардың бөліндісінің қалдығы теңестіріледі. $x = $x % $y $x %= $y

Егер мақала көңіліңізден шықса, онда онымен төмендегі түйме арқылы достарыңызбен бөлісіңіз

Пікірлер