PHP.break, continue, goto операторлары.

5 Қыркүйек 2014

break операторы.

Кей кезде цикл жұмысы кезінде белгілі бір жағдайларға байланысты оны тоқтатуға тура келеді.Міне осындай уақытта осы break операторын қолданады.Оператор break міндетті емес сандық аргументке ие болуы мүмкін.Бұл мән арқылы оған қанша бір-біріне салынған құрылымдардың жұмысын бітіріп барып тоқтау керектігі беріледі.Егер тек сол бір ғана жүріс орындалып бітуі қажет болса аргумент мәні жазылмайды, яғни үнсіздік бойынша ол 1ге тең.Мысал:|

<?php
  $i = 1;  
  while ($i++) {
    switch ($i) {
      case 3:
        echo "Итерация нөмірі:3<br>\n";
        break 1;  /* осы бір циклдан шығады, яғни switch тан. */
      case 5:
        echo "Итерация нөмірі:5<br>\n";
        break 2;/* Екі біріне бірі салынған switch және while дан шығады. */
    }
  }
   
  // тағы бір мысал:  
  for ($var1 = -2; $var1 < 3; $var1++) {
    // нольге бөлінетінін тексеру
    if ($var1 == 0) {
      echo 'Орындалу тоқтатылды: себебі нольге бөлінбейді.';
      break;
    }
    echo "10/$var1 = ",10/$var1,"<br>";
  }   
?>

continue операторы.

Орындалып жатқан кодтың бөлігін тоқтатып, келесі цикл жүрісіне көшу үшін осы continue операторы қолданылады.

Оның жоғарыда айтып өткен break операторынан айырмашылығы - ол цикл жұмысын тоқтатпайды, тек келесі цикл жүрісіне - итерацияға көшеді.

continue операторы break операторы сияқты міндетті емес сандық аргументке ие болады, бұл мән арқылы қанша біріне бірі салынған циклдарды орындамай келесі итерацияға өтіп кетуге болатыны беріледі.

<?php 
  for ($var1 = -2; $var1 < 5; $var1++) {
    // нольге бөлінетінін тексеру 
    if ($var1 == 0) {
      echo "нольге бөлуге болмайтындықтан бұл итерацияны өткізіп жібереміз.<br>";
      continue;
    }
    echo "10/$var1 = ",10/$var1,"<br>";
  }   
?>

goto операторы.

Бұл оператор шартсыз өту операторы, программа кодының ішінде бір бөліктен басқа бөлікке өту үшін қолданылады.

Оның программа кодында баратын бөлігі идентификатор және қос нүктемен белгіленеді.Ал goto жанына сол идентификатордың аты жазылады.Мысал:

<?php
  goto foo;       // баратын идентификатор-метканың аты
  echo 'hello';
  
  foo:            // баратын код бөлігінің меткасы
  echo 'world'; 
?>

Ескерту: оператор goto мен идентификаторы бір файлда немесе бір циклда немесе бір функция ішінде болуы керек.

Әлбетте оны көбіне break операторының орнына қолданады:

<?php
  for ($var = 0; $var < 10; $var++) {
    if ($var == 6) // егер $var == 6 болса,
      goto end;     // end меткасы белгіленген бөлікке өтеміз
       
    echo "\$var = $var<br>";
  }
  echo 'бұл нұсқау ешқашан орындалмайды ';
  
  end:
  echo 'end меткасынан кейінгі код бөлігі';
?>


Егер мақала көңіліңізден шықса, онда онымен төмендегі түйме арқылы достарыңызбен бөлісіңіз

Пікірлер