PHP- динамикалық сайттардың өзегі

25 Тамыз 2014

Динамикалық сайт дегеніміз-үнемі жазбасы өзгеріп,жаңаланып тұратын сайт.Мұндай сайттардың файлдары PHP,Perl және т.б. программа тілінде жазылған.

PHP сайт парақшаларын жасауға арналған ең күшті құралдардың бірі.

PHP үйренуге жеңіл өте қарапайым тіл.Мүмкіндіктері мол әрі көп функционалды болғандықтан ол барлық дерлік хостингтерге орнатылған.

Сонымен, оқырманда PHP деген не деген сауал туындайды.

Себебі, PHP деген сөз сайт ашу туралы хабары бар адамды елең еткізері сөзсіз.Сөз жоқ, PHP деген скрипт тілі - нағыз мақтауға тұрарлық программа туындысы.|

Оны 1994 жылы Расмус Лердорф деген программист өзінің резюмесін көріп жүргендердің статистикасын көрмек үшін Perl деген программа тіліндегі скриптер жиынтығын құрастыру нәтижесінде ойлап табады.Оны ол Personal Home Page ( жеке үй парақшасы)деп атайды.

Кейін проект жұмыстары артқан кезде Perl дің мүмкіншіліктері  оған аздық ете бастайды да , ол С тілінде жазылған жаңа интерпретатор ойлап табады.Осылайша PHP интерпретаторының сол С тілінде бірінші версиясы пайда болады. 

Үш жылдан соң PHP интерпретаторының екінші версиясы  шығады.

Ал 1998 жылдың жазында израиль программистері Энди Гутманс пен Зеев Сураскилердің өңдеуінің нәтижесінде PHP3.0 версиясы өмірге жол тартады.

PHP 3.0 дің ерекшелігі оның фунционалдылығын кеңейтуге негізделген қосымша модульдерді ядросына қоса алу мүмкіндігінде еді.

Ол енді сол кездегі танымал деректер базасын сүйемелдей алатын болды.Бұл PHP 3.0 көптеген протоколдар мен әртүрлі APIларды да сүйемелдеуге ие болды.

Осы кезде оның танымалдылығы өсе бастады және оны енді жаңадан PHP Hypertext Preprocessor (гипертексті препроцессор) деп атай бастады.

Израиль программистері 1999 жылы Zend Engine деген движок ойлап табады да кейін осы движокты негізге алып 2000 жылы PHP 4.0 версиясын жарыққа шығарады.

2004 жылы бесінші версия пайда болады.Бұл нұсқаның ерекшелігі оған объекті-ориентированный программалауды енгізілу арқасында кең ауқымды проектілердің дамуына жол ашты.Мен ол программалау ООП әдісіне кейін жеке тоқталып өтемін.

Қазіргі кезде қолданыста жүрген соңғы нұсқа - PHP 5.4.

PHP ні қолданудың үш түрі бар.

1. Сайттың әр жүктелгенде  өзгермейтін үш бөлігі бар. Олар-сайтың басы, ортасы-мазмұны мен менюі және табаны.Бұлардың әрқайсысын жеке-жеке файл қылып жазамыз да керек кезде шақырып отырамыз. Яғни әр парақшаның бірдей бөліктерін қайта-қайта жаза беруден құтылып, тек қана мысалы PHP тілімен жазылған include "menu.php" деп шақырамыз.

2. Кішкентай жеке программалар жазуға қолданылады.Мысалы, қонақтар кітабы, дауыс жинау т.с.с.

3. Ең негізгі және көп қолданылатыны - жаңа мағлұматтар енгізу үшін админге арналған сайттың жалпыға көрінбейтін бір бөлігіне және жалпыға арналған екінші бөлігіне жазылатын екі программа.

PHP мен HTML өзара  қалай үндеседі.

PHP коды HTML парақшасының ішіне жазылады және ол интерпретаторланып тек сервердің өзінде ғана орындалатын скрипт тілі.

Мұны түсіну үшін төмендегі суреттерге көз салыңыз.

Бірінші суретте мен бұрын айтып кеткен Notepad++ редакторында жазылған программа коды.

<?php мен ?>  тегтерінің арасында жазылған PHP коды (script-сценарий деп те атайды) HTML тегтерінің арасында, яғни HTML парақшасының ішінде  жазылып тұр.

Ал екінші сурет сол программадан шыққан нәтиже.

Ал енді осы PHP кодының нәтижесін көру үшін Денвер локальдық хостын іске қосамыз, яғни алдымен оның ярлыгы "Start Denwer" -ді түртіп жібереміз.Сосын екі қара DOS окнолары жүгіріп өтеді.Одан соң кез келген браузердің адрес теретін жолында localhost/testphp/menPHP.php сосын ENTER деп шақырамыз.


Міне көрдіңіз бе, бәрі оп-оңай!

Сонымен, php файл деген не?

1. Расширениесі php болып келетін кез келген түрдегі файл-документ.
2. Оның құрамы мәтіннен, HTML тегтерінен және  php-сценарийлерінен тұруы мүмкін.
3. Ол серверде орындалады да, HTML парақшасы болып браузерге жіберіледі.Сосын браузер оны экран бетіне шығарады. 

Және де бұл жерде тағы да қайталап айтып кеткім келеді, PHP тек серверде ғана орындалатын скрипт тілі.Барлық сценарийлер серверде орындалады да нәтижесі HTML ретінде браузерге жіберіледі, ал браузер клиентке оны парақша қылып көрсетіп береді. 

Мысалы, мына жоғарыдағы суреттегі "Сәлем, менPHPмын!" деген сөйлем.

Ал мысалы Javascript тілінде жазылған скриптер тек клиенттің компьютерінде ғана орындалады. 

Қорытынды.

1. PHP - web-парақшаларын жазуға арналған ең күшті және үйренуге ең жеңіл скрипт тілі.Оны жазу үшін Notepad ++ редакторын қолданыңыз.
2. PHP тек қана серверде орындалады.Сіз ол тілді үйренгіңіз келсе, мен жазған мақалам арқылы Денверді өз компьютеріңізге жүктеп алыңыз,ол сіз үшін уақытша сервер ролін атқарады.Кейін сіз өзіңіз жазған кез келген скрипт-туындыңызды  Filezilla Client арқылы хостинг серверіне оп-оңай көшіре сласыз.
3. Деректерді сақтауға СУБД(Деректер базасын басқаратын система), мысалы MySQL-ді қолданады.
   PHP мен MySQL-ді бірге қолдану арқылы әрі жеңіл әрі жылдам web-парақшаларын сәтті жасап шығаруға әбден болады. 
 4. Әр түрлі платформаларда (Windows,Linux,Unix-сияқтылар) жұмыс жасай береді.
 5. Оны кез келген web-сервер қолдай алады.

Егер мақала көңіліңізден шықса, онда онымен төмендегі түйме арқылы достарыңызбен бөлісіңіз

Пікірлер