PHP негіздері.Айнымалылар.

28 Тамыз 2014

Бұл сабақта мен PHP - ның негіздерінің бірі - айнымалыға тоқталып өтпекпін.

Айнымалылар.

Айнымалы (variable) деген сөзді ұғыну үшін оны ішіне эаттар салып қоятын жәшікпен теңестіруге болады.Айнымалыға біз қандай да бір мән, мысалы, сөз "Сәлем" не болмаса сан "123" салып қоямыз да керек кезде пайдалануға мүмкіншілік аламыз.

Айнымалылар компьютер жадының белгілі бір бөліктерінде сақталады, олардың әрқайсысына белгілі бір атау беріледі және олардың типтері әртүрлі бола алады.

Айнымалыға мән берген кезде, ол мән айнымалының атына байланыстырылған компьютер жадының ұяшығына барып жазылады.

Айнымалы былай сипатталады:

|

Көріп отырғаныңыздай айнымалының аты доллар белгісінен кейін латын әріптерінен немесе астын сызу таңбасынан  басталып одан әрі сол латын әріптерінен,астын сызу таңбасынан және сандардан құрала береді.Әйтеуір тек саннан басталмаса болғаны.

Сосын тағы бір мәселе - ол регистрге байланысты, яғни мысалы $var мен $Var екеуі екі түрлі айнымалы болып есептеледі. 

Мысалы:


Айнымалыларды мәні бойынша теңестіру.

Айнымалыларды мәні бойынша теңестіру деген сөз - егер екі айнымалының біреуіне екіншісінің мәнін берген соң, олардың біреуіне жаңа мән берсек екіншісінің мәні еш өзгеріссіз қала береді.


Сілтеме арқылы теңестіру.

Негізінде айнымалының аты ұяшықтағы мән орнына бағытты ғана көрсетеді, сондықтан айнымалының бір мәніне бірнеше сілтеме жасауға болады.

 

Балама сілтеме немесе айнымалыдағы айнымалы.

Балама сілтеме деген кәдімгі жоғарыдағы айтып кеткен айнымалыларды басқа сондай айнымалылыр арқылы бейнелеу.

Олай ету үшін ол айнымалының алдына тағы бір доллар таңбасын тіркейміз, яғни осы арқылы интерпретатор осы айнымалының мәні ретінде ішінде көрсетілген айнымалының мәнін іздеп тауып қоятын болады. 


Айнымалыға қолданылатын әрекеттер.

1. Алдында айтып өткендей, айнымалыға "=" теңдік белгісі арқылы жаңа мән береміз (немесе инициализация деп те атайды) және біз қандай мән берсек солай оның типі (түрі) де өзгереді.

Мысалы,$a="кітап"- тип (string); $a=10 енді бұл айнымалы типі өзгеріске ұшырады,яғни енді оның типі integer болды.

Айнымалыға басқа айнымалының мәнін, ия болмаса функцияның орындалу нәтижесінде пайда болған мәнін теңестіре аламыз.Сол сияқты басқа айнымалыға сілтемені және тұрақты өрнектерді де теңестіруге болады.

2. PHP функциясы isset() арқылы айнымалының бар-жоқтығын анықтауға болады:


Егер айнымалы бар болса онда isset() - тің қайтаратын мәні "true" болады, ал егер айнымалы жоқ болса онда оның мәні "false" болады.

3. Ал айнымалыны жою үшін unset() қолданылады.

 

Егер мақала көңіліңізден шықса, онда онымен төмендегі түйме арқылы достарыңызбен бөлісіңіз

Пікірлер