PHP негіздері.Деректер түрі (типі).

26 Тамыз 2014

PHP деректері бірнеше түрге бөлінеді:

Төрт жай түрі болады-

1. boolean   2. integer   3. float   4. string

Екі аралас түрі-

1. array      2. object

Екі арнайы түрі-

1. resource  2. NULL

Алдыңғы сабағымның соңында айтып кеткенімдей программа жазғанда әр деректің түрін жазып қажеті жоқ, себебі PHP интерпретаторы деректің жазылуына байланысты оның түрін өзі белгілеп отырады.|

Boolean.Булев - логикалық түр.

Бұл түр берілген деректің не шын  не жалған  екенін көрсететін ең қарапайым түр болып есептеледі.

Яғни бұл екі мағынаны білдіру үшін PHP-да мынандай логикалық мәндер қолданылады: шындық-"true", жалған-"false".

Егер бұл мәндерді экранға шығарсақ, онда олар браузер бетінде "true" деген "1" болып көрсетілсе, ал "false" "0" -ді яғни ештеңе көрсетілмейді.

Integer (Бүтін сан).

Өздеріңіз білетіндей, сандар оң, теріс және әр түрлі санау системасы түрінде болады.

Біз бүтін сан ретінде {....,-2,-1,0,1,2,.....} жиынтығындағы сандарды айтамыз.


Байқап отырғаныңыздай, сегіздік санау жүйесіндегі санды жазғанда алдына 0, ал он алтылық санды жазғанда санның алдына 0x қояды.

Float (Бөлшек сан).


String (Тармақша).

Тармақша дегеніміз кез келген ұзындықтағы таңбалар жиынтығы.

Тармақшаны үш түрде анықтайды:

1. Дара жақшамен (апостроф) белгілеу арқылы-


Суреттегі жасыл нұсқағыш кері слэшті көрсетіп тұр, ол арқылы біз тағы бір дара жақшаны PHP интерпретаторына оны ескеру керектігін нұсқап тұрмыз.Бұл әрекетті зкрандау дейді.

Және бұл жерде жұптасқан жақшаларды дара жақшалардың ішіне салып тұрмыз.

2. Жұптасқан жақшалармен белгілеу арқылы-

Жұптасқан жақшалардың ішіне айнымалыны жазып оның мәнін көрсете аламыз, себебі дара жақшалар олай істей алмайды.


Бұл жақшалардың дара жақшалардан тағы бір артықшылығы-оның ішінде арнайы басқарушы таңбалар тізбегін жазуға болады.Мысалы,\n -келесі қатарға өту, \t -табуляция,  \\ - кері слэш, \" -жұптасқан жақша т.т.

3. Heredoc-синтаксисі арқылы -

Бұл синтаксис арқылы жазғанда алдымен оператор <<<  сосын идентификатор жазылады, одан соң жаңа қатарға көшу керек.Тек осыдан соң тармақша жазыла алады.Ал тармақша соңы тағы сол идентификатормен аяқталып бітуі керек.


Array (Массив).

Array - бұл айрықша түрдегі айнымалы деп атауымызға болады, себебі мұның құрамына кез келген түрдегі элементер шектеусіз кіре алады.

Массив ішіндегі элементтерге олардың индекстері арқылы байланыса аламыз.Индекс сандық не тармақша түрде болуы мүмкін.Осы қасиеттеріне байланысты массивтерді индексті және ассоциативті деп екіге бөледі.

Ассоциативті массивтегі индекс ключ-кілт деп аталады.

Индексті массивтерді тек "массив" деп атайды да, ал ассоциативті массивтерді "хеш", "ассоциативті" болмаса "сөздік" деп атай береді.

Массивтер қалай құрылады?

Массивтерді жасаудың үш түрі бар.

1. Арнайы функция array() арқылы:

Кілт көрсетілмегендіктен, PHP массивке өзі санды индекстер тағайындайды, яғни кілт нөмірлері нольден басталады.

Кейде кілтті аралап беруге болады:

Енді массив элементтерін көрсету үшін $new_array[0]='a', $new_array[5]='c' деп квадрат жақшаны пайдаланамыз.

Ал ассоциативті массив құрғанда онда қалайда кілт=>мән болуы керек:


Бұл массивтің әр элементін тағы да сол квадрат жақша арқылы көрсете аламыз, яғни  $months['Январь']='30', $months['Июль']='31'.

2. array() дің орнына квадрат жақшалар қолдану арқылы.Бірақ бұл алдыңғы үрдіске ұқсас-айырмашылықтары нұсқағышпен көрсеткендей тек квадрат жақшаны қолдануда ғана:

 

бұл суреттен және бір ескеретін нәрсе-ол массивтердің кілттері әр түрлі типте бола беретіндігі.

Мысалы, мына массивтің бір кілті "күн" типі "string" болса, екіншісінікі "12" - "integer".

3. Массив құрудың үшінші жолы-ол массивке атау беріп квадрат жақша арқылы көрсету:


Ал енді массив элементін жойып жіберу үшін unset() қолданылады.

unset($weekdays[1]) - массивтегі екінші элемент 'Сейсенбі'- ні жойып жібереді, ал unset($weekdays) - түгел массивті жоқ қылады.

Object (Объект).

Объект туралы айтпас бұрын класс ұғымын түсіну керек, себебі ол объект жасауға арналған шаблон коды.

Класс class деп аталатын арнайы тағайындалған сөзден кейін класс атауы берілу арқылы анықталады.

Оның атауы кез келген сөз бен сандардан құралуы мүмкін, тек санмен басталмаса болғаны.Класс коды фигуралы жақшаның ішінде жатуы керек.

Класс ішінде айнымалылар мен функциялар да анықталуы мүмкін-олар класстың қасиеттері мен әдістері деп аталады.


Сонымен объект деп оның шаблоны класс арқылы сипатталып анықталатын деректерді айтады.Объектіні кейде класстың данасы деп те атайды.

Объект класстан new деп аталатын оператор арқылы жасалады.


Класс ішіндегі қасиеттер мен әдістер public,private,protected деген арнайы сөздермен анықталады.

Жоғарыда көрсетілген әдіс "function getst() -дың ішіндегі $this - жалған айнымалы деп аталады.Ол сол жоғарғы суретте жазылғандай класс ішіндегі оның қасиеті мен әдісіне жүгіну үшін қолданылады және бұл класс үшінде ол ешқандай мәнге ие бола алмайды, яғни тек жай сипатталады.

Ал класс арқылы объект жасалғанда осы аталған $this - те осы объектінің сілтемесі сақталады.

Ал класс пен объект дегенді түсіну үшін мынадай мысал келтіруге болады:

Егер класс пластмасса машиналарды құятын қалып болса, онда сол машиналар объектілер болып саналады.Машиналар бірдей қалыптан шықса да олар бір-бірінен түсімен және кейбір элементерімен өзгешеленуі мүмкін.

Яғни біз бір класс арқылы бірнеше объектілер жасай аламыз.

Арнайы әдіс-конструктор.

Класс ішінде тағы бір әдіс анықталуы мүмкін.Ол конструктор деп аталады және әр объект жасалған сайын класты инициализациялау, мысалы оның қасиеттеріне жаңа мәндер беру үшін, шақырылып тұрады.Ол конструктордың  кәдімгі әдіс-функциялар сияқты параметрлері болуы мүмкін.

Әдісті конструктор қылып анықтау үшін оны" __construct()"  деп сипаттайды.

 

Сонымен, new операторы арқылы объект жасалған сайын "__construct" әдісі шақырылып тұрады.Ал жақша ішіндегі аргумент мәндері конструкторға беріледі.Осы мәндерді жасалып жатқан объектінің қасиеттеріне беру үшін конструктор ішіндегі жалған айнымалы $this қолданылады.

Resource (ресурс).

Ресурс дегеніміз сыртқы ресурсқа, мысалы деректер базасына не болмаса файлға сілтеме жасайтын арнайы айнымалы-көрсеткіш.Олар арнайы функциялар арқылы жасалып пайдаланылады.


NULL.

Null деген сөзді түсінбес бұрын алдында айтып өткенімдей компьютер жады дегенді анықтап алайық. 

Компьютер жады біздер жазған деректер салынатын өте көп кішкентай ұяшықтардан тұрады.Бұл ұяшықтармен байланыс олардың орнын анықтайтын идентификаторлары арқылы жүзеге асады.

Біз тек айнымалымен оның идентификаторын білмей-ақ жұмыс істей береміз, себебі интерпретатор айнымалы мен идентификаторды байланысын өзі қадағалап отырады.

Біз алғашында айнымалыға қандай да бір мән бергенде интерпретатор ол мәнді жадының бір ұяшығына салып, идентификатор мен ұяшықты өзара байланыстырып қояды.Яғни осындай байланыстағы айнымалы "анықталған" болып есептеледі.

Ал бос айнымалы дегеніміз ұяшықтың іші бос дегенді білдіреді.

Егер айнымалыны былай  $a = Null деп анықтасақ, онда айнымалы мен ұяшық арасындағы байланыс жойылады да, айнымалы жоқ болғандықтан ол "анықталмаған" болып есептеледі.

Егер мақала көңіліңізден шықса, онда онымен төмендегі түйме арқылы достарыңызбен бөлісіңіз

Пікірлер