PHP өрнектері мен операторлар

31 Тамыз 2014

Өрнек (expression).

Кез келген программа қандай да бір мәні бар өрнектер (expression) жиынтығынан тұрады.Өрнек деп қандай да бір таңбалармен біріктірілген интерпретатор арқылы мәнге ие болатын айнымалылардың болмаса функциялардың жиынтығын атаймыз.

Өрнектердің ең қарапайым түрлері- литералдар мен айнымалылар.Литералдар дегеніміз-сандар, константалар және сөйлемшелер.

Литералдардың мәні оның өзі болып есептелсе, айнымалы өзінің  мәнімен өрнектеледі.

 |

Бұл литералдар мен айнымалылар жай өрнектер болып есептеледі, ал күрделі және қандай да бір әрекетті сипаттайтын өрнектерді жасау үшін  операторларды қолданады.Яғни операторлар жай өрнектерді күрделі өрнектерге біріктіреді.

Ал өрнектер мен операторлардың бірігуі программа кодының толықтай бір тармағын аяқтаса - ол нұсқау құрады.Алдыңғы сабақта  айтып өткенімдей нұсқаулар бірігіп программа кодын жасайды.

Оператор.

Оператор дегеніміз өрнектегі қандай да бір әрекетті сипаттайтын программа кодының элементі.

PHP операторлары арифметикалық,салыстыру,теңестіру,логикалық және разрядтау сияқты түрлерге бөлінеді.

Операторлардың екі жағында тұратын мәндер операндтар деп аталады.Операндтар операторлардың әсер ететін бөліктері.Операнд пен оператор бірігіп жаңа мән жасайтын өрнек құрайды.Мысалы:


Өрнектер операторлармен бірігіп күрделі өрнектер құруы мүмкін.

Әртүрлі операторлар әртүрлі операндтармен анықталады.

Екі операндпен жұмыс істейтін операторларды бинарлы деп аталады, оларға жататындары-қосу, алу, көбейту т.т.

Бір операндты операторларды унарлы деп атайды, оларға жататындар- increment,decrement  etc.

Үш операндпен жүмыс істейтін тернарный оператор, мысалы шартты оператор if.

Теңдік операторы.

Мәндерді теңестіру үшін теңдік (=) операторы қолданылады.

Бұл операторды көп жағдайда тең деген мағынамен шатастырады.Негізінде бұлай ойлау дұрыс емес, себебі бұл оператор сол жақтағы операндқа оң жақтағы операндың мәнін теңестіріп тұр.


Басымдық операторы.

Оператор басымдығы өрнек мәндерін есептеу барысының орындалу тәртібін анықтайды.

Бірдей басымдыққа ие операторлар өрнектегі орнына қарай орындалады.Мысалы, көбейту мен бөлу өрнекте қандай орын тәртібімен анықталса тап солай орындалады, себебі олардың басымдықтары бірдей.

Басымдықтарды өзгерту үшін дөңгелек жақшаларды қолдануға болады.


Ассоциативтілік.

Операторлардың барлығында операндтар белгілі бір бағытта орындалады.

Осы орындалу бағыты ассоцитативтілік деп анықталады және ол оператор типіне байланысты болады.Көптеген операторлардың орындалу бағыты солдан оңға қарай бағытталып келеді, яғни мұны сол ассоциативтілік деп атайды.

Ал оң ассоиативтілік керісінше болады.

Операторлар кестесі.

PHP да басымдықтардың бірнеше деңгейі бар,төменде көрсетілген кестеде операторлар жоғары деңгейден төменге қарай орналасқан.Бір деңгейде орналақан операторлардың басымдықтары бірдей.

Ассоциативтілік бағанында оң ассоциативтілік көрсетілген, қалғандары сол ассоциативтілікке жатады.

ОператорАнықтамасыАссоциативтілік
newЖаңа объект жасайдыАссоциативтілік жоқ
[]
()
Массив индексі
Функцияны шақыру
!
~
++, --
+, -
(int)
(float/double/real)
(string)
(array)
(object)
@
Логикалық ЕМЕС
Биттік ЕМЕС
Инкремента және декремент операторлары
Унарлық плюс и минус
Типке келтіру операторы
Типке келтіру операторы
Типке келтіру операторы
Типке келтіру операторы
Типке келтіру операторы
Қате хабарламарды көрсетпеу
Оңнан солға
*, /, %Көбейту,бөлу
+, -
.
Қосу,алу
Конкатенация
<<, >>Биттік жылжу
<, <=, >, >=Теңестіру операторлары                           Ассоциативтілік жоқ
==, !=
===, !==, <>
Теңестіру операторларыАссоциативтілік жоқ
&Биттік ЖӘНЕ
ˆБиттік НЕМЕСЕ-ЕМЕС
|Биттік НЕМЕСЕ
&&Логикалық ЖӘНЕ
||Логикалық НЕМЕСЕ
? :Шартты (тернарлық) оператор
=, +=, -=, *=, /=, .=, %=,
&=, |=, ^=, <<=, >>=, =>
Теңдік операторыОңнан солға
ANDЛогикалық ЖӘНЕ
XORЛогикалық НЕМЕСЕ-ЕМЕС
ORЛогикалық НЕМЕСЕ
,Үтір операторы

Конкатенация операторы.

Конкатенация дегеніміз - бірнеше мәтін жолдарын не болмаса айнымалыларды бір тармаққа қосу не біріктіру.

Бұл бізге echo() -ны қолданудан басқа мүмкіндік береді, яғни біз (.) операторы арқылы тармақтар мен айнымалыларды біріктіре аламыз:

 

Оң операндты сол операндқа біріктіретін тағы бір мынадай (.=) оператор бар:


Егер мақала көңіліңізден шықса, онда онымен төмендегі түйме арқылы достарыңызбен бөлісіңіз

Пікірлер