PHP.Салыстыру операторлары.

1 Қыркүйек 2014

Салыстыру операторлары екі операндтың мәндерінің өзара тең не болмаса бірі екіншісінен үлкен не кіші және т.т. екендіктерін анықтау үшін оларды салыстырады.Салыстырудың нәтижесінде true немесе false деген логикалық мәндер қайтарылады.

Төмендегі кестеде сол салыстыру операторларының тізімі беріліп тұр:|

МысалОператордың атауыНәтижесі
$х == $yТеңTRUE егер $х пен $y тең болса.
$х === $yСәйкесTRUE егер $х пен $y тең және екеуінің типтері бірдей болса.
$х != $yТең емесTRUEегер $х пен $y тең емес болса.
$iх<> $yТең емесTRUEегер $х пен $y тең болмаса.
$х !== $yСәйкес емесTRUE егер $х пен $y тең емес немесе олардың типтері әртүрлі.
$х < $yКішіTRUE егер $х $y-тен кем болса.
$х > $yҮлкенTRUE егер $х $y-тен артық болса.
$х <= $yКіші немесе теңTRUE егер $х $y-тен кем немесе тең болса.
$х >= $yҮлкен немесе теңTRUE егер $х $y-тен артық немесе тең болса

Теңдік операторы (==).

Теңдік операторы (==) кез келген типтегі операндтарды қабылдай береді, егер екі операндтың мәндері тең болса true, тең болмаса  false логикалық мәндері қайтарылады.


Сәйкестік операторы (===).

Бұл оператор да егер екі операндтары тең болса true, тең болмаса false қайтарады.Сонымен, теңдік операторы мен сәйкестік операторының айырмашылығы неде екен.Айырмашылықтары - сәйкестік операторы тек операндтардың мәндерінің теңдігін ғана емес, сонымен қатар олардың типтерін де қатаң тексереді, яғни олар әртүрлі болса false қайтарады.


Теңсіздік операторы (!= немесе  <>).

Бұл оператордың жоғарыда көрсетілгендей екі түрі бар: != немесе <>.

Ол теңестіру (==) операторына қарама-қарсы әрекет жасайды, яғни екі операнд мәндері тең болмаса true мәнін қайтарады.Ал екі операнд мәндері тең болса false қайтарады.


Сәйкес емес операторы (!==).

Бұл оператор сәйкестік (===) операторын қарама-қарсы анықталады.Егер екі операндтардың мәндері тең болмаса, не болмаса типтері  әртүрлі болса  true мәнін қайтарады.


Үлкендік (>) операторы.


Кішілік (<) операторы.


Үлкен немесе тең (>=) операторы.


Кіші немесе тең (<=) операторы.


Егер мақала көңіліңізден шықса, онда онымен төмендегі түйме арқылы достарыңызбен бөлісіңіз

Пікірлер