PHP статикалық қасиет пен әдіс.

30 Тамыз 2014

Статикалық қасиеттер мен әдістер.

Қасиеттер мен әдістерді осылай белгілеу арқылы біз объект жасамай -ақ класстың қасиеттері мен әдістерімен жұмыс істей аламыз.

|

Статикалық әдістер тек статикалық қасиеттерге ғана жүгіне алады.

Статикалық элементтерді шақыру үшін класстың атауы жазылып, екі қос нүкте қойылады сосын статикалық қасиет пен әдістің аттары жазылады.


Бұл жоғарыдағы шақырылу класстың сыртында орындалады.Ал егер класстың ішінде тұрып оның статикалық қасиеті мен әдістерін қолдану үшін "self" пайдаланылады.


Енді осы жерде мынадай сұрақ туындауы мүмкін:

Статикалық қасиет пен әдіс не үшін пайдаланылады.

Мұның ең маңыздысы - ол статикалық элементерді программаның кез келген жерінен шақырып алуға болатындығы.Бұл класстың әр объектісіне статикалық қасиет әр кезде қол жетімді.Сондықтан оны жазғанда оның барлық объектілеріне жан-жақты керек болатындай мәндерін таңдап жазу керек.

Бұл статикалық элементтердің келесі маңызды жағы-қандай да бір керек функцияны шақыру үшін класстан объект жасамай-ақ оның статикалық қасиеттері мен әдістерін пайдалануға болатындығы.


Егер мақала көңіліңізден шықса, онда онымен төмендегі түйме арқылы достарыңызбен бөлісіңіз

Пікірлер