PHP синтаксисі

28 Тамыз 2014

PHP -ның интерпретаторы php-файлды(*.php) орындай бастағанда төменде көрсетілгендей тегтердің арасына орналастырылған php кодын іздей бастайды.

PHP тегтері төртеу және олар былай жазылады:

|

PHP тегтері php тілінде жазылған кодты, HTML кодынан өзгеше, арнайы түрде ерекшелеп көрсету үшін қолданылады.Мысалы, HTML тегтері ашық және жабық тегтерінің арасында мәтін ия болмаса сурет сияқтыларды ұстап тұратын болса, PHP тегтері тек php кодын ұстап тұрады.

Бұлардың ішіндегі алдыңғы 2 тегтер жиынтығы әруақытта мүмкін болуына қарамастан тек бірінші тег жиынтығы ғана ұсыныс бойынша кең қолданылады.

Ал қалған 2 тегтер жиынтығы конфигурациялық php.ini файлында көсетілген директивалардың қосылуына байланысты болады, яғни алдыңғысы  short_open_tag ал соңғысы  asp_tags директиваларының арқасында ғана пайдаланылуға ие бола алады.

Бір файлда осындай бірнеше PHP тегтері болуы мүмкін, сондықтан олардың жазылу синтаксисі бойынша әр тегтер жаңа жолдан басталғаны дұрыс.

Осы жерде айтып кетуге тұрарлық маңызды мәселе мынада: Егер файл тек php кодтан тұратын болса, онда жабық тегті ?> жазбай кеткен дұрыс болады.Себебі кейде буферге жабық тегтен кейін керек емес таңбалар түсіп кетуі мүмкін,сондықтан егер сіз серверден  "Cannot modify header information-headers already sent by..." деген қателік хабарламасын алсаңыз ,дереу жабық тегтен кейінгі таңбаны тауып оны кетіруге тырысуыңыз керек.

PHP түсініктемелері ( комментарийлар).

 PHP түсініктемелері ол php кодын, мысалы функциялардың жанына, не үшін қолданғаны туралы түсіндіру мақсатында жазылады.

Олардың жазылуының 3 түрі бар:


Және осы әдістерді пайдаланып кей функциялардың орындалуын уақытша тоқтатып тастауға да болады.

PHP нұсқаулары.

Кез келген программа - бұл нұсқаулар (statment-инструкция) жиынтығы,ал нұсқау өз кезегінде сөйлемше мен оператордан құралады.Мұны түсіну үшін төмендегі суретке назар салайық:


Бұл суреттегі екінші қатар- нұсқау, бұл жерде біз компьютерге echo() деген тілдік құрылым арқылы "Бұл нұсқау" деген сөйлемді экран бетіне шығар деп нұсқау беріп тұрмыз. 

Байқап отырғаныңыздай нұсқау соңы нүктелі үтірмен аяқталуы тиіс.

Егер мақала көңіліңізден шықса, онда онымен төмендегі түйме арқылы достарыңызбен бөлісіңіз

Пікірлер