Cайт туралы | сайт жасау, seo-баптау, дамыту және сайт арқылы табыс табу жолдары

8 Маусым 2015

Сайт туралы бірер сөз!

Мен бұрын басқа тілде программа жазумен айналысқан едім.Енді заман талабына сәйкес web-сайттарды программмалау жағына бет бұрдым.Сондықтан біраз білім мен тәжірибе жинап алған соң өз қолыммен сайт жасағым келді.

Әрине, кез-келген адам қазіргі кезде кең қолданыста жүрген CMS- ті пайдаланып сайт аша алады.Ол үшін көп білімді болудың қажеті де жоқ,бірақ еркіндік шектеулі болады.Ал өз қолыңмен жасалса,қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса демекші,фантазияға ерік беріп,сайтты өз қалауыңша жасауға болады.

Екіншіден,егер мен сияқты ізденіс үстіндегі адамдар болса,соларға мен жүрген жолдан алған тәжірибелеріммен бөліскім келеді.Интернетте орекеңнің басынан басқаның бәрі бар демекші,бірақ соны бір жүйеге жинастырып ұтымды пайдалана білу қиынның қиыны.

Сондықтан, осы сайтым арқылы web-программалау жайында теория мен практиканы қатарластыра отырып, қарапайым әрі түсінікті тілмен әркім ұғатындай қылып жазу арқылы, қазақ тіліндегі сайттардың дамуына өз үлесімді қосқым келеді. 

Өмір асулардан тұрады,сол асуларды бағындыру үшін алға жүре білу керек,әйтпесе өмір тоқтап қалады.

Кей уақытта алдыңызда тұрған асуларды көре алмай, айналаңызды қараңғылық басуы мүмкін.Сол кезде жүрегіңіздің түкпірінде жатқан әр адамға туа бітетін жан жылуы-сәулені іздеп табыңыз.Ол сізге асуларға бастайтын жолды көрсетіп береді.

Асулар сіздерді алға жетелей берсін!

Осы сайт арқылы сіздер келесі мәліметтерді ала аласыздар.

1. Қалай сайт ашуға болады және сайтты жасау үшін қалай және неден бастау туралы кеңестер ұсынылады.

2. Егер сізге дайын сайт жасап беру қажет болса, онда менің байланыс почтам admin@asuasu.kz арқылы хабарласыңыз.

3. Сайттың қаңқасын құрайтын HTML мен оған әр беретін CSS туралы мағлұмат беріледі.

4. Динамикалық сайттардың негізі және қозғаушы күштері болып саналатын PHP мен MySql туралы көлемді тақырып сөз болады.

5. Қазіргі кезде көп қолданыла бастаған сайтты қайта жүктемей-ақ мәлімет алуға болатын AJAX пен Jquery туралы да айтылады.

6. SEO баптау, яғни сайтыңызды іздеу сайттарында жоғары ондыққа қалай шығару жолдарын баяндаймын.

7. Осы жоғарыда айтылғандардың бәрі тек айтылып қоймай практикамен толықтырылып отырады. Себебі, теория практикасыз деттеген жеріне жетпей, адамдарға түсініксіз боп қала береді.

8. Сайт жасалып біткен соң домен мен хостинг сатып алып, оны сол хостингке көшіру керек.

9. Сіздерге көмекші болатын пайдалы кеңестер де тыс қалмайды. Олар мыналар:Notepad++ сайт жазуға арналған редактор, Denwer-локальдық сервер,  Total Commander     Word2007 тез жүктеу.

10. Егер интернет-дүкен ашқыларыңыз келсе, мен сіздерге өзімнің туындым интернет-дүкенді үлгі ретінде ұсынамын. Егер интернет-дүкен ашуда қажеттілік туындаса, сайтта жазылған байланыс бойынша хабарласыңыз.

The Contented Fisherman.

The industrialist saw a fisherman lying beside his boat, doing nothing.
- Why aren’t you out fishing? said the industrialist.
- Because I have caught enough fish for the day.
- Why don’t you catch some more?
- What would I do with it?
- Earn more money. Then you could have a motor fixed to your boat and go 
  into deeper waters and catch more fish. 
  That would bring you money to buy nylon nets, so more fish, more money. 
  Soon you would have enough to buy two boats... even a fleet of boots. 
  Then you could be rich like me.
- What would I do then?
- Then you could really enjoy life.
- What do you think I am doing now?

Which would you rather have: a fortune or a capacity for enjoyment?

Егер мақала көңіліңізден шықса, онда онымен төмендегі түйме арқылы достарыңызбен бөлісіңіз

Пікірлер