SEO баптау, яғни SEO оптимизация деген не?

9 Тамыз 2014

SEO баптау деген не? Оны кейде SEO оптимизация деп атайды.

Ағылшынша Search Engine Optimization деп аталады.

Сонымен бұл не деген нәрсе.


Мен сайтыма мақалаларды өзім жазам, себебі мен өз алған тәжірибемді сайт арқылы мақалам түрінде оқырмандарға жеткізгім келеді.|

Менің өз ойымды өзімнен басқа кім жаза алады.Әрине мақала жазу көп күшіңді алады, себебі мен бұл мақаламды жазу барысында өз ойымды оқырманға қалай жазсам түсінікті болар екен деп өзімді сол оқырман орнына қоюға тырысып отырамын.Сонымен қатар өз ойымды  тек жазып қана қоймай оған әртүрлі бейнеленген түрде суреттер, болмаса HTML де не PHP де жазылған скрипт кодтарын оқырманға неғұрлым түсінікті болу үшін тіркеп отырамын.

Жақсы, сонымен сайтымды жасадым делік.Енді осыны ғаламторға салғаннан кейін, оны адамдар оқыса екен деймін.Бірақ, мен сияқты сайт жасап, мен сияқты оны қалың қауымға жеткізгісі келетіндер көп-ақ.

Енді ондай көптеген сайт жасағандардың арасынан қалай сытылып шығып, іздеу сайттары Яндекс пен Гугл (Google) дердің қақ төбесіне қалай шығу керек.Бұл сайт құрастырған әр адамның мақсаты, себебі өздеріне белгілі бір нәрсе іздегендер осы екі алыптың -Яндекс пен Гуглдің- тек алдыңғы бір-екі бетін қараудан әрі аспайтыны қақ.Олар өз сұраныстарын сол іздеу сайттары шығарған тізімінің басындағы парақтарды іздейді де, не іздегенін тауып не таппай шығып кете барады.

Мұндай кезде сайт иелеріне интернеттегі іздеу сайтының жоғарғы ондығына шығу үшін SEO ға жүгінуіне тура келеді.

Мен де алдында өз мақалаларымды не Яшадан не Гуглдан көре алмай әуре-сарсаң болдым.Сосын ойлана келе SEO туралы мәлімет жинай бастадым да, сайтты қалай жасау туралы парақшамды солардың әдісі бойынша қайта реттеп шықтым.Есесіне екі күннен кейін үш-төрт сұраныс бойынша Яндекстің және Гуглдің бірінші орнына шықтым.

Бірақ, сайтқа келетін оқырмандар саны аз болса ол жерде ұзақ тұру мүмкін емес.

Іздеу сайттарының боттары адам емес болғандықтан ондайды кешірмейді, келесі индексация кезінде сайтты жоғарғы ондықтан аяусыз төменге лақтыра салады.

Сондықтан, сайтыңыз адам ұшін жазылған және оларды қызықтырып сайт бетіне қайта-қайта келтіре алатын болса- онда сайтыңыз жоғарғы топтан түспесі анық.


Енді Google дегі сайтымның алған орны:


Қысқаша айтқанда, SEO баптау дегеніміз сайт жасаушылардың  Яндекс болмаса Google сияқты іздеу сайттарында өздерінің парақшаларын іздеушілердің сұрауы бойынша жоғарғы ондыққа шығару әдістері.

SEO баптаудың үш түрі бар.Олар мынадай:

1. Дұрыс SEO баптау.

 - ішкі баптау- сайт парақшасының мазмұнын ереже бойынша толықтыру.

   Яғни, сайт парақшаңыздағы Title, Description (яғни оны сниппет деп те атайды) және Keywords- дарды ілмек сөздерді  (ключевые слова) шамадан артық кетпей қосып жазу, 

 - сайт парақшаларын бір-бірімен сілттеме арқылы байланыстыру.

 - халықтың ең көп сұранысына ие  ілмек сөздерді семантикалық ядро ретінде қолдану.

2. Бұрыс SEO баптау.

 - сыртқы сілтемелерді басқа ресурстардан сатып алу арқылы жоғарылау.

 - ілмек сөздерді мөлшерден тыс қолдану. 

3. Теріс SEO баптау.

 - көптеген сателлит сайттар ашып, негізгі сайтына сілтемелер жасау арқылы ол сайтты жоғарғы сатыға шығару.

 - сілтемелер сату үшін уақытша пайда табуға арналған сайттар ашу. 

Семантикалық ядро деген не нәрсе?

Семантикалық яддро деп сіздің ашқалы отырған проектіңіздің (сайтыңыздың) парақшаларын жасауда оның тақырыбы төңірегіндегі ілмек сөздердің бір жүйеге бағынатын топтамасы. 

Жалпақ тілмен айтқанда, сіз іздеу сайттарынан сіз жазғалы отырған тақырып айналасында қандай сұраныстар көп пайдаланылады, сол сөздерді өзіңізге түртіп аласыз да тақырыбыңызды сол бағытта өрбітесіз. 

Бірақ, өте сақ болу керек.Себебі, егер олар мақалаңызда көп қайталана берсе, Яндекс ия болмаса Гугл ол сөздерді спам деп ойлап, сіздің сайтыңызды индекстен алып тастауы мүмкін.Ал сайтыңызға одан кейін жоғары көтерілу өте қиын болады.

SEO баптау - сөз саптау.

Бұл жерде қазақтың бір мақалы еске түседі:"Былай тартсаң арба сынады, былай тартсаң өгіз өледі "деген.

Сондықтан, SEO баптау барысында, өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырып алмауға тырысу керек.

Тоқ етері, апатқа ұшырамас үшін, ілмек сөздерді белгілі бір мөлшерде және әр түрлі жалғаулар қосып пайдалану керек.

(Жалғасы бар)

Егер мақала көңіліңізден шықса, онда онымен төмендегі түйме арқылы достарыңызбен бөлісіңіз

Пікірлер